Қарыншалық экстрасистолиялар
көбіне дені сау балаларда байқалады, бірақ
жүректің зақымдалуының белгісі болуы да мүмкі (жиі, полиморфты, жұп
экстрасистолиялар, қарыншалық тахикардияның пароксизмдері). ЭКГ-де мерзімінен
бұрын, кең деформацияланған, Р-тісшесіз QRS кешені, компенсаторлық үзіліс толық.
Емі.
Мақсаты – қарыншалық тахикардияның және қарынша фибриляциясының
алдын алу. Шұғыл көмек ретінде лидокаин 1мг\кг венаға, ағымды, содан кейін минутына
10-50мкг\кг жылдамдықпен инфузия түрінде жүргізіледі. Ұзақ емдеген жағдайда β-
адреноблокаторлар, хинидин, прокаинамид, фениотин тағайындайды.
Жіңішке QRS кешенімен байқалатын тахикардия. Аритмияның бұл түріне барлық
өзгермеген GRS кешенімен байқалатын қарыншаүстілік тахикардияларды жатқызады.
Достарыңызбен бөлісу: