Электрокардиографиялық көрсеткіштер негізінде
кейбір аурулар мен
жағдайларды ажыратады:
- экстросистолия. 1) қарыншаүстілік экстросистолалар, 2) қарыншалық экстросисто-
лалар;
- тахикардия: 1) тар QRS кешендерімен (қарыншаүстілік тахикардия), 2) жалпақ QRS
кешенімен (қарыншалық және қарыншаүстілік тахикардия);
- брадикардия: 1) ырғақты жүргізушіні зорландыру, 2) импульстің өтуін блокадалау.
- күрделі немесе қосарланған бұзылыстар – синустық түйіннің әлсіздігі синдромы,
атриовентрикулярлы диссоциация, парасистолия және басқалар.
Клиникалық көрінісі.
Шағымдары:
жүрек соғу, жүрек ырғағында үзілістердің
анықталуы, жүректің тына қалуы, әлсіздік, шаршағыштық, бастың ауруы, бастың айналуы,
синкопальдық жағдай, ентігу, бозғылттықтың немесе шеткі цианоздың эпизодтары және
басқалар.
Негізгі аурулардың көрінісі.
Жүрек жетіспеушілігінің белгілері
(білінбеуден айқын дәрежеге дейін).
Диагностикасы.
ЭКГ
-
жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылыстарын анықтауда ең
негізгі әдіс болып келеді.
ЭКГ қосымша сынамалармен
:
-
симпатикалық тонусты төмендету үшін
– ваготропты тәсілдер (ересек балаларда –
Вальсальва сынамасы, ұйқы артериясын бір жағынан сипау; кішкене балаларда – бетін
салқын суға батыру немесе маңдайына 20-30 секундқа мұз салған қапшықша басу,
тілдің түбірін қоздыру, тоқ ішекке термометр енгізу);
-
симпатикалық тонусты артыру үшін
– мөлшерленген физикалық салмақ; кейде
атропиндік сынама (0,02 мг\кг б\етке).
-
Холтер бойынша
ЭКГ-ні тәуліктік мониторингтау
– аритмиялардың сирек кездесетін
ұстамаларында.
Электрофизиологиялық зерттеулер
– емнің тиімсіздігінде және өміріне қауіп
тудыратын ырғақтың бұзылыстарында.
Негізгі ауру бойынша кешенді зерттеулер
.
Достарыңызбен бөлісу: