Жедел панкреатит (ЖП)
-
бездің өз ішінде панкреатикалық ферменттердің
активтелінуімен және ферменттік токсемиямен жүретін ұйқы безінің жедел
қабынулық-деструкциялық зақымдалуы.
ЖП балаларда ересектерге қарағанда сирек
байқалады.
Этиологиясы.
Балаларда оның ең жиі себептері келесілер:
1. инфекциялар (эпидемиялық паротит, вирусты гепатит, энтеровирус Коксаки В, жел
шешек, герпес, грипп, псевдотуберкулез, дизентерия, сальмонелез, сепсис);
2. ішке қатты соққы тигендегі ұйқы безінің доғал жарақаты;
3. панкреатикалық өзектер обструкциясы және қысымның жоғарлауы байқалатын ауру-
лар (папиллит, холедохолитиаз, киста немесе холедоха стриктурасы, дуоденопанкреа-
тикалық рефлюкспен дуоденостаз, дуоденальды емізікшенің аскаридамен жабылуы,
описторхоз, фасциолоз, клонорхоз);
4. гепатобилиарлық патологиялар (өт тасы ауруы, созылмалы холецистит);
5. гиперкальцемия (гиперпаратиреоз немесе гипервитаминоз Д);
6. токсикалық (қорғасынмен, сынаппен, күшаламен, фосфорқосындыларымен улану)
және дәрілік зақымдалулар (азатиоприн, гипотиазид, фуросемид, метронидазол,
тетрациклиндер, сульфаниламидтер, глюкокортикоидтардың жоғары дозалары).
Майлы, қуырылған тамақты шектен тыс қолдану, жоғары берілген себептердің
фонында, аурудың айқындалуына ықпал етеді. ОП байқалатын балалардың 25% себебі
анықталмайды.
Патогенезі.
Ұйқы безі зақымдалғанда қабыну реакциясы дамып, лизосомальдық
ферменттер түзіледі, олар безді зақымдайтын, ферменттерді (трипсиноген)
интрапанкреатикалы активтейді.
Қанда биологиялық активті заттардың көбеюіне байланысты волемиялық және
микроциркуляторлық бұзылыстар дамиды, коллапс болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: