Асқазан сөлінісінің жаугершілік қасиетін бағалау үшін рН-метрияны, асқазан
интрагастральды протеолитикалық активтілігін зерттеу пайдалынылады. Асқазанның
моторикалық функциясын бағалау үшін УДЗ, электрогастрографиялық немесе ренгеноло-
гиялық зерттеулер қолданылады. Хеликобактериозды анықтаудыңда маңызыда үлкен.
Ажырату диагнозын
симптомдық (жедел) жаралармен жүргізеді.
Асқорыту жолының кілегей қабатында жедел жараның пайда болуының өзіне тән
клиникалық көріністері болмайды, айтарлықтай динамикалы болады, бір жағынан тез
тыртықтанады, екінші жағынан ауыр асқынулар-қан кету, перфорация байқалады. Пайда
болу себебіне байланысты, жаңа жараны бөледі:
•
күйзелістік жаралар
асқазан денесінде орналасады, күйікте, жарақаттан кейін,
үсіктерде байқалады:
• аллергиялық жаралар
жиірек тағамдық аллергияда пайда болады;
• дәрі-дәрмектік жаралар, кілегей қабатының кедергілік функциясын бұзатын, дәрілер
пайдаланғанда болады;
• эндокриндік жаралар балаларда сирек – гиперпаратиреозде, қант диабетінде, Золлин-
гер-Эллисон синдромында (асқазанның антральды бөлімінің немесе ұйқы безінің
гастринөндіруші жасушаларының гиперплазиясы) – кездеседі. Соңғы аурулардың
белгілері ОЖА-ның белгілеріне ұқсас болады. Айқын интрагастральды гиперсекреция,
асқазан кілегей қабатының гипертрофиясы, әдеттегі емге ригидтігі тән болып келеді.
Бұл жағдайда қан сарысуында ашқарынға гастрин концентрациясының артуы
скринингі тест болады.
Достарыңызбен бөлісу: