фосфаттардың (тәулігіне қалыпты 0,01-0,04 г\кг, 1 граммнан төмен), оксалаттардың
(тәуліктік қалыпты – 0,001 г\кг, тәулігіне 40 мг-нан төмен), зәр қышқылының (1 жастан
асқан бала-ларда тәулігіне 0,09-0,12 ммоль\л, тәулігіне 20 мг\кг-ден артық емес) тәуліктік
экскрециясының артуы тән болып келетін, тұқым қуалайтын тубулопатиялардың асқынуы
болып келеді.
Емі.
Тәртібі
: Жедел кезінде төсек тәртібін сақтап, жылы жерде болуы керек,
аэрация (ашық дәлізде ұйықтау, ұзақ уақыт таза ауада болу), мұқият күтіну, тыныштық
сақтау керек. Дене қызуы қалпына келіп, жалпы жағдайы түзелгесін массаж бен ЕДТ
тағайындалады. Кеңеюі және айналу.
Диета: Тағайындалғанда, пиелонефриттің активтілігін ескеру керек. Қызба,
дизуриялық бұзылыстар және интоксикациямен жүрген созылмалы пиелонефриттер және
жедел пиелонефритте 7-10 күн бойына белогы шектелген сүт-өсімдік диетасы /1,5-2,0
г/кг/ тағайындалады және тұздар тәулігіне 2-3 г-дай болуы керек. Аурулардың жағдайы
жақсарған соң, диетаны белок-май, көмір-су құрамын жасына сәйкес етіп, тағайындайды.
Тұзды, қуырылған тағамдар, бұрыш, қыша беруге болмайды. Тамақты күніне 5-6 рет
ішу керек. Жасқа дейінгі балаларда ана сүтімен тамақтандырып, жеміс-жидек, көкөніс
берген дұрыс. Жастан асқан балаларға сүт, сүзбе, айран, қаймақ, сыр, піскен сиыр етін,
тауық етін, сорпа, ботқалар, жеміс-жидек, компот, морстар беру керек. Өсімдік тағамдарын
әрбір 5-7 күн сайын тағамдармен алмастырып берген дұрыс.
Зат алмасу бұзылыстары кезінде дамыған пиелонефриттің диетасының орны бөлек.
Оксалуриядан кейін қымыздық қышқылына бай тағамдарды бермей, диетаға піскен ет,
балық, картофель, капуста, жарма қосу керек. Бұндай науқастарға В
1
-В
6
витаминдері,
минеральды сулар /Смирнов, Славяндық, Ессентуки/ берген дұрыс.
Несепқышқылы диатезінде (уратурияда) пурин негіздері аз тағамдар беріледі: бауыр,
ми, бөтеке т.б. беруге болмайды. Сүт-өсімдік диатезі тағайындалады, себебі бұндай
тағамдар несептің сілтілігін қамтамасыз етіп, тастың пайда болуына жол бермейді.
Фосфатурияда – сары май, капуста, помидор итмұрын тұндырмасы, «Нафтус»
минеральды суы тағайындалып, сүтпен жұмыртқаның сарысын беруге болмайды.
Соңғы жылдары антибиотиктерді жалпы ереже бойынша қолданады: антибиотиктер-
ді микробты қоздырғышына қарсы әсер етуіне байланысты іріктеу, несептегі микрофлора-
ларға сезімталдығын, фармакокинетикалық ерекшеліктерімен, олардың нефротоксикалы-
ғына байланысты әсерінің болмауы жатады, себебі дәрінің бұндай әсерінен абактериальды
интерстециальды нефрит дамуы мүмкін. Нефротоксикалық антибиотиктерге: монамицин,
полимиксин, канамицин, стрептомицин, метицилин жатады.
Достарыңызбен бөлісу: