Алдын алу. СГН-ті уақытында табу және созылмалы инфекциялық ошақтарды
санациялау, ЖГН-ті сәйкес ем жүргізіу, гамма-глобулиндерді, нефротоксикалық
препараттарды тиімді қолдану.
Болжамы: СГН-тің болжамы клиникалық түріне байланысты. СГН көп жағдайда
бүйрек тінінінің біртіндеп семуіне әкеледі.
Дипансерлік бақылау: Диспансерлік бақылау баланы ересектер емханасына
аударғанға дейін жүргізіледі. Дәрігердің қарауы артериальды қан қысымын өлшеу мен зәр
тексеруін жүргізуді қамтиды:
- Өршуден соң алғашқы 12 айда –айына 1 рет.
- Әрі қарай өршу жоқ кезде –тоқсанына 1 рет.
Зимницкий сынамасы 2-3 айда 1 рет. Кез келген интеркурентті ауруларда қосымша
зәр анализдері тапсырылады.
Стоматолог, отоларинголог қарауы, ЭКГ жарты жылда 1 рет.
Дәрілік заттар аурудың түріне байланысты тағайындалады.
13.2.4. НЕФРОТИКАЛЫҚ СИНДРОМ Нефротикалық синдром (НС) – айқын ісікпен және массивті протеинуриямен
(тәулігіне 1,0 г/м
2
) көрінетін клиникалық-лабораториялық симптомокомплекс.
НС –ның келесі түрлерін ажыратады:
І.
Біріншілік НС: 1. Туа пайда болған және инфантильді: - Туа пайда болған-микрокистозбен «финдер» типті;
- Диффузды мезенгиальды өзгерістермен «француздар» типті;
- Аздаған өзгерістермен НС;
- мезангиопрлиферативті өзгерістер немесе фокальды-сегментарлы гломерулоскле-
розбен (ФСГС) НС.
2. Біріншілік гломерулонефриттегі НС: - Аздаған өзгерістермен НС.
- Мембранозды немесе ФСГС-бен, мембранозды-пролиферативті, мезангиопроли-
феративті, экстрокапиллярлы, фибропластикалық өзгерістермен НС;
ІІ.
Тұқым қуалайтын, туа пайда болған, жүре пайда болған аурулардағы НС :