Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


- Қуықты және уретраны құрал-жабдықтық зерттеулерден соң; Емі



Pdf көрінісі
бет702/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   698   699   700   701   702   703   704   705   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

-
Қуықты және уретраны құрал-жабдықтық зерттеулерден соң;
Емі:
 
СГН-те ем аурудың ағымы мен түріне; бүйрек жеткіліксіздігінің болуы мен
дәрежесіне; қосалқы аурулар мен асқынуларына байланысты тағайындалады. Базисті
еміне диета, режим, фитотерапия, созылмалы ошақтарды санациялау кіреді. 
Емдәм
– бүйректің қызметтік жағдайына байланысты. СГН-тің гематуриялық
түрімен асқынған жағдайда диета ЖГН-тегідей болады. Науқаста гематуриялық және
аралас түрімен асқынған кезде тұзсыз, аз белокты диета тағайындалады (белоктың
тәуліктік мөлшері 1г/кг). Емдәмді кеңейту және белоктык жүктемені жоғарлату ЖГН
кезінен қарағанда баяу жүргізіледі. 
Төсектік тәртіп тек аурудың жедел (өршу) кезінде тағайындалады. 
Фитотерапия
– ұзақ уақыт жүргізіледі (ай, жылдар) және ол тұндырмалар және
жинақтар келесі құрамда беріледі: бұрымды лаванда, қара бүлдірген, аққайың жапырағы,
жолжелкен жапырағы, арша жемістері
,
кәдімгі құлмақ жемістері, қырым раушангүлі
жапырақшалары, кәдімгі аюқұлақ жапырақтары, ит бүлдірген жапырағы, бақжапырақ
жапырағы, қоңыр итмұрын жемістері, орман бүлдіргені жемісі және басқалар.
СГН-тің гематуриялық түрінде дәрілік ем симптоматикалық заттармен шектеледі.
СГН-тің нефротикалық синдромы пайда болғанда-аурудың морфологиялық варианттарын
есепке ала отырып дәрілік терапияда имммунодепресанттарды қолдану мәселесі шешіледі.
Мембранозды гломерулонефрит:
1) Ісік және протеинуриямен жекеленген түрлерінде емдәмге курантил немесе
индометацин қосылады.
676


2) Бүйрек жетіспеушілігі немесе гипертензия белгілері болса ем глюкокартикоидтар,
цитостатиктер және антиагреганттармен жүргізіледі. Цитостатиктерден циклофос-фамид
немесе азатиоприн, хлорамбуцил тағайындалады. Иммунодепресанттардан сонымен қатар
циклоспорин А тағайындалды. 
Мезангиопролиферативті СГН

1) Нефротикалық синдромның бірінші өршуінде глюкокортикоидтармен емдейді; 
2) Қайталау болған кезде емнің 4 компонетті жобас қолданылады (глюкокортикоид-
тар+ цитостатик+ гепарин+антиагрегант). 
Фокальды-сегментарлы гломерулонефроз

СГН
-тің емге резистентті түрі деуге
болады. Оны емдеудің екі варианты қолданылады:
1) Сүймелдеуші және симптоматикалық терапия; 
2) Кезеңдік глюкокортикоидтармен пульс-терапиямен белсенді жиынтықты 4-
компонентті терапия. 
Иммунодепресанттарды тағайындауға қарсы көрсетпелер бүйрек тіндерінің
дизэмбриогенезі және гипоплазиясы, глюкокортикодттар амилоидоз, инфекция, бүйрек
ісіктерінде тағайындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   698   699   700   701   702   703   704   705   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет