Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет753/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   749   750   751   752   753   754   755   756   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Диспансерлік бақылау
жедел ИТП-да 5 жыл, созылмалы ИТП-да – бала ересектер
поликлиникасына ауыстырылғанша бақылауда болады. Алдын-ала егулері десенсибилиза-
циялаушы терапия фонында тек жедел кезеңнен соң 1 жылдан кейін жасалады. Тірі
вакциналармен егулерді жүргізуге болмайды. 3-5 жыл бойы климат алмастырылмағаны
абзал. Емдеу барысында тромбоцит қызметін бұзатын препараттарды (эндометацин,
бутадион, вольтарен, папаверин, курантил, пеницилин қатарының антибиотиктері,
аналгин, аспирин), сонымен қатар УКС және УЖЖ тағайындамаған жөн. Ауруханадан
шыққан соң алғашқы 3 ай сайын тромбоциттер санын анықтаумен шеткі қан анализі 2
апта сайын, одан соң 9 ай бойына айсайын, одан кейін 2 айда 1 рет, сонымен қатар әр
басынан кешірген инфекциялық аурулардан кейін жасалады. Ауруханадан кейін 3-6 ай
бойына қан тоқтататын шөптер жиынтығы, тромбоциттер мен өт шығуын стимуляция-
лайтын дәрілермен дәрілер тағайындалады. Соңғы көрсетілген ем екі айлық курспен 2-3
жылда қайталанып тұрады. Қан тоқтатын шөп жиынтығына мың жапырақ, жұмыршақ, су
бұрышы, жүгрі үлпілдегі, итмұрын және т.б. кіреді. Әр түрлі құрамда тұндырып, 1
стаканнан ішеді. 
Болжамы.
 
Әдетте, көбіне балаларда жағымды болып келеді. 75% балаларда
спонтанды жазылып кетеді. 10% балаларда жедел түрі созылмалы ағымға айналады. 
14.4. ТРОМБОЦИТОПАТИЯЛАР
Тромбоцитпатия

қан пластинкаларының сапасыздығына байланысты, саны
қалыпты болсада, гемостаздың бұзылуы. 
Тромбоцитопатияларды тұқым қуалайтын және
пайда болған деп бөледі. Тұқым қуалайтын тромбоциттер дисфункциясы арасында
тромбоциттердің босанып шығуының реакциясы мүкістігі, яғни тромбоастения жиірек
кездеседі. Екіншілік тұқым қуалайтын тромбоцитопатиялар келесі аруларға тән болып
келеді: Виллебранд ауруы; афибриогенемия; альбинизм (Хержманский-Пудлак синдромы)
тері гиперплазиясы синдромы (Элерс-Данлос синдромы), Марфан синдромы және басқа
дәнекер тіндік дисплазия синдромадары; көптеген заттек алмасу ақаулары. Геморрагия-
лық синдроммен және онысыз пайда болған тромбоцитопатиялар көптеген қан ауруларына
(лейкоздар, гипопластикалық және мегалобластикалық анемиялар), уремияға, ТІШҰ-
синдромына; иммунопатологиялық ауруларға (геморрагиялық васкулит, қызыл жегі,
диффузды гломерулонфрит және т.б.); сәулелену ауру; салицилат, ксантиндер,
714


карбенициллин сияқты дәрі қабылдағандағы дәрілік ауруларға; нейроциркуляторлық
дисфункцияларға тән болып келеді.
Патогенезі
.
Тромбоастенияда (1918 жылы Швейцария педиатры суреттеген)
тромбоциттердің функциялық активтілігінің мүкістігі негізінде олардың мембраналарын-
да ІІb|ІІІa гликопротеиндер кешенінің (ГпК) болмауы жатады. Осының салдарынан фибри-
ноген байланыстыра алмауы, бір бірімен агрегацияланбауы, қан ұйындысының ретракция-
ланбауы пайда болады. Тромбоцитопатиялардың барлық түрлерінде қан кету негізінде
тромбоциттердің бір бірімен әсерлесуінің бұзылуына, гемостаздың плазмалық звеносына,
алғашқы гемостатитикалық тығынның пайда болуына байланысты болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   749   750   751   752   753   754   755   756   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет