Диспансерлік бақылау. Балалар аймақтық педиатрда диспансерлік бақылауда 5 жыл
тұрады. Жылына 2 рет стоматолог, отоларинголог кең тараған инфекция ошақтарын
санациялау үшін қарайды. Кварталына бір рет және әрбір ЖРВИ-дан соң зәр анализін
жасайды. Балаларды 2 жылға алдын ала егулерден босатады.
14.3. ТРОМОЦИТОПЕНИЯЛЫҚ ПУРПУРА Тромбоцитопениялық пурпураны біріншілік және екіншілік деп бөледі.
Біріншілікке идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура (Верльгоф ауруы), тұ-
қым қуалайтын, изоиммунды (туа біткен – тромбоцитарлық антиген бойынша анасы мен
ұрықтың сәйкес келмеуі, пострансфузиялық – қан және тромбоцитарлық масса құйғанда),
туа біткен трансиммунды (идиопатиялық тромбоцитарлық пурпурамен ауыратын анадан
туылған нәрестелердегі транзиторлы тромбоцитопения, қызыл жегі) жатады.
Екіншілік (симптоматикалық) тромбоцитопениялар балаларда біріншілік тромбо-
цитопенияларға қарағанда жиі және инфекциялық арулардың жедел кезеңінде (әсіресе,
жиі перинатальды инфекцияларда, ең бірінші герпес тобында), аллергиялық реакцияларда,
коллагеноздарда, басқа аутоиммундық бұзылыстарда, ТІШҰ-синдромында, қанның жүйелі
ауруларында (лейкоз, гипопластикалық және В
12
-дәруменінің жетіспеушілігінде),
спленомегалия және дисспленизм байқалатын ауруларда, туа біткен тамыр (гемангио-
малар) және заттек алмасу (Гоше, Ниман-Пик және басқалар) ақауларында байқалады.
ТУА БІТКЕН ИЗОИММУНДЫ ТРОМБОЦИТОПЕНИЯЛЫҚ ПУРПУРА
әдетте
, ұрықта PLA І антигені болғанда, ал ол анасында болмаса дамиды, себебі ол анасын
сенсибилизациялайды да, плацента арқылы өтіп ұрықта тромбоцитопенияға әкеледі. Ол
нәресте өмірінің алғашқы сағаттарында терісінде петехиальды және ұсақ дақты
геморрагияның пайда болуымен сипатталады. Ауыр ағымдарында (геморрагиялық
синдромның кеш білінуі) кілегей қабаттарына қан құйылып, мелена, мұрыннан, кіндіктен,
өкпесіненқан кету, бас сүйегінің ішіне қан құйылу байқалуы мүмкін. Орташа
спленомегалия тән.
Диагноз клиникалық-лабораториялық мәліметтер, анасының қан
сарысуымен баланың қан пластинкаларымен тро-мбоагглютинция реакциясының оң
болуымен негізделеді. Тромоцитопения, геморрагиялық синдром тиімді емделсе бірінші
күндердің өзінде жойылатын болсада да, 2-12 апта бойына сақталады.
ТУА БІТКЕН ТРАНСИММУНДЫ ТРОМБОЦИТОПЕНИЯ
идиопатиялық тромбоци-
топениялық пурпурамен ауыратын аналардың балаларының 30-50%-да нәрестелік кезеңде
анықталады. Жартысында геморрагиялық бұзылыстар байқалмайды. Тромбоцитопения-
ның пайда болуы анасынан ұрыққа антитромбоцитарлық антидененің және аутотромбо-
циттреге сенсибилизациясынған ана лимфоциттерінің түсуіне байланысты.