Жайылмалы уытты жемсау (ЖУЖ) (Парри, Грейвс, Базед ауруы) –
әдетте қалқанша бездің жайылмалы ұлғаюымен, тұрақты тиреоидты гормондардың патологиялық гиперсекрециясымен сипатталатын аутоиммунды ауру. Диффузиялы уытты жемсаумен пубертатты жаста 6-8 рет жиі қыз балалар аурады.
Этиологиясы. Ауру генетикалық тұрғыдан бейім адамдарда дамиды, оған дәлел
НLА жүйесін тексерудің қортындылары бола алады. Жиі ЖУЖ НLА–В8, А28, ДR3
тасымалдаушы, әсіресе А1-В8 және В8- ДR3 гаплотиптері бар адамдарда жиі кездеседі.
Жайылмалы уытты жемсауда қалқанша бездегі иммунопатологиялық өзгерістер,
иммунитеттің жартылай генетикалық мүкістігіне байланысты туындайтын
органоспецифика-лық аутоиммундық ауруға тән. Туа біткен немесе жүре пайда болған Т-
супрессорлардың тапшылығы, белгілі бір түрткілер әсер еткенде тиреоидынталандырушы
иммуноглобулиндер-дің түзілуіне себепкер болады. Қазіргі кезде тиреоидынталандырушы
антиденелердің 40-қа жуық түрлері бар екендігі белгілі, шамамен науқастардың үштен
бірінде сондай заттың бірі LATS-фактор (Ig – қалқанша безді ұзақ әсер етуші
тітіркендіргіші) анықталады. Ол, гипофиздың тиреотропты гормонымен тиреоциттердегі
рецепторлар үшін бәсекеге түсіп, бездің гиперплазиясын және тиреоидты гормондардың
(Т3-Т4) өндірілуін арттырады. Нәтижесінде қалқанша без орталықтан реттелуге бағынбай
автономды қызметке көшеді. Жайылмалы уытты жемсауы бар науқастардың 45-50%
LATS-фактордың деңгейінің жоғар-лауы байқалады. Көптеген науқастарда тиреолибирин
деңгейі төмендеген, ТТГ-ның деңгейі төмен немесе қалыпты. Ұрындырушы фактор
болып, жиі мұрын-жұтқыншағының инфекция-сы саналады, басқа уытты, химиялық
заттар қатынасуы ықтимал. Бірқатар қаламгерлер аурудың пайда болуында ұзақ
психикалық жарақаттың маңыздылығын атап көрсетеді.
Патогенезі. Тиреоидты гормондардың көптігі, жасушада тыныстың және фосфорла-
нудың бұзылуына, жылу өндірілуінің, глюкозаның жаратылуының жылдамдылығының,
глюконеогенездің, липолиздың артуына әкеледі. Катаболикалық процесстер күшейеді,
миокардтың, бауырдың, бұлшық ет тіндерінің дистрофиясы дамиды.
Аурудың дамуын 3 сатыға бөледі:
1.
Клиникаға дейінгі саты. Бұл сатыда организмде антиденелер
жинақталады, клиникалық белгілер болмайды.
2.
Эутиреоидты саты – қалқанша бездің үдемелі гиперплазиясы артады,
бірақ қанда тиреоидты гормондардың деңгейі қалыптыдан жоғары болмайды.
3.
Гипертиреоидты саты – қалқанша безде морфологиялық тұрғыдан
лимфоцитарлы тығыздалу, иммунологиялық реакциялар, цитолиз жүреді. Осы сатыда
клиникалық симптомдар айқындалады.