Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет779/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   775   776   777   778   779   780   781   782   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

15.2.1.1. ТУА БІТКЕН ГИПОТИРЕОЗ
Туа біткен гипотиреоз
– 
балалардағы қалқанша без ауруларының арасында өте
жиі кездесетін ауру.
Осы аурудың жиілігі 1 науқастың 3,5-4 мың жаңа туылған
нәрестелермен 1-нің 6-7 мың нәрестеге шаққандағы аралығында кездеседі. Ауру ер
балалармен салыстырғанда қыздарда екі есе жиі кездеседі.
Этиологиясы:
Туа біткен гипотиреоз 75-90% жағдайда қалқанша бездің даму
ақауының – гипо- немесе аплазиясының нәтижесі болып саналады. Жиі гипоплазия, бездің
тілдің түбіріне немесе кеңірдекке эктопияланған түрінде кездеседі. Қалқанша бездің даму
ақауы құрсақішілік дамудың 4-9 апталарында келесілердің салдарынан қалыптасады:
-
анасының вирусты ауруларынан;
-
анасындағы қалқанша бездің аутоиммундық аурулары;
-
радиация (мысалы, медициналық тексеру кезінде, жүкті әйелге радиоактивті йодты
енгізу);
-
дәрілер мен химиялық заттардың уытты әсері.
Туа біткен гипотиреозға 10-25% жағдайда генетикалық детерминизациаланған
гормондар синтезінің бұзылыстары, сондай-ақ Т3, Т4 немесе ТТГ-ға кірпікшелердің
тұқым қуалайтын ақауы алып келеді.
Патогенезі
.
Туа біткен гипотиреоздың негізіне тиреоидты гормондардың толық
немесе жартылай жеткіліксіздігі жатады. Гипотироксинемия бала организімінде дисмета-
болизмнің дамуына, тотығу процестерінің өту жылдамдығының, ферменттік жүйенің
белсенділігінің төмендеуіне, трансмембраналық жасуша өткізгіштігінің жоғарлауына,
тіндерде алмасудың толық тотықпаған өнімдердің жиналуына әкеліп соқтырады.
Тиреоидты гормондардың тапшылығы бой өсу процесін, организмнің барлық тіндері мен
жүйесінің сұрыпталуын дөрекі бұзады. Басқалардан көбірек тиреоидты гормондардың
тапшылығынан балада ОНЖ күйзеліске ұшырайды. Гормондардың деңгейінің төмен
болуы, әсіресе өмірінің алғашқы айларында, нерв талшықтарының миелинизациясының
тоқтауына, липидтердің, гликопротеидтердің нерв тіндерінде қорлануына соқтырады да,
соңында мидың өткізгіш жолдарында, нейрондардың мембраналарында морфофункцио-
нальдық бұзылыстар тудырады. Осындай патологиялық процестердің салдарынан
баланың санасының жетілмеу қалуы, психофизикалық дамудың тежелуі өрбиді.
Анаболикалық процесстердің, қуат түзілуінің әлсіреуі энхондральды сүйектенудің,
қанқанның сұрыпталуының бұзылыстарымен, қан өндірілуінің белсенділігінің төмендеуі-
мен айқындалады. Сонымен қатар бауырдың, бүйректің АІЖ бірқатар ферменттерінің
белсенділігі төмендейді. Организмде ісіктердің пайда болуына әкелетін липолиздің
тежелуі, мукополиса-харидтер метаболизмінің бұзылыстары байқалады. Тиреоидты
гормондардың биологиялық әсерлерінің жан-жақтылығы (көптігі), организмде Т3 пен Т4
тапшылығынан туындайтын симптомдардың көп болуын сипаттайды. Сонымен бірге,
ауруды ерте диагностикалау – баланың физикалық және интеллектуалды дамуының
болжамын анықтаушы негізгі фактор болып саналады, өйткені емдеуді кеш бастағанда
ағзалар мен тіндердегі өзгерістер қайтымсыз болады.
736




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   775   776   777   778   779   780   781   782   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет