Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


емді  қажет етпейді. 15.6.4. ЖАНҰЯЛЫҚ АЛАСАБОЙЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет800/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   796   797   798   799   800   801   802   803   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

емді 
қажет етпейді.
15.6.4. ЖАНҰЯЛЫҚ АЛАСАБОЙЛЫҚ
Өсудің тежелуінің жиі түрі. Құрдастарының ортасында мұндай балалар әрқашан
аласа бойлы болады. Туылғандағы дене салмағы және дене ұзындығы дені сау балаларға
қарағанда айырмашылығы болмайды. 3-4 жастан кейін өсу қарқыны құрдастарымен
салыстырғанда қалыс қалады (жылына 2-4 см). «Сүйектік» жас хронологиялыққа сәйкес
келеді, пубертатты кезеңге ену жас мерізіміне сәйкес болады. Мысалы, егер 5 жасар
баланың өсунің ауытқуы азаю жағына қарай 3%-ды құраса, онда оның өсу сызығы
қалыпты қисықтың төменгі шекарасына параллель болады, ал сүйек жағдайы 5 жасқа
сәйкес келеді. Даму ерекшеліктері бар ересек науқастарда аласабойлылықтың себебі
бастапқыдан бойдың аласа болуы және өсу аймағының жабылуы болып табылады. Кейбір
авторлар жанұялық аласа бойлылық себебі, СТГ-ң шығарылуы және оның синтезінің
757


конституционалды ерекшеліктері болып табылатындығын жоққа шығармайды. Осыған
байланысты емдеу әрекеті мүмкіндігі жайлы мәселе қарастырылуда.
Баласының өсуі оның ата-анасының өсуімен қалай байланысты екендігін анықтауға
қарапайым формула көмектеседі: ата-анасының бой ұзындығын қосып, егер бала ұл болса
13 қосады, егер қыз болса 13-ті аладыда, соңында 2-ге бөледі. Алынған нәтиже +/– 5 см
шамамен ересектердің бой ұзындығына сәйкес келеді. Егер шамалап алынған бой
ұзындығы есептелген формулаға сәйкес келсе, онда баланың өсуі тұқымға байланысты
екендігі әбден мүмкін, ал егер болжалған бой ұзындығы есептелгеннен аз болса, онда
дененің қысқаруына басқа факторлардың әсер еткендігін білдіреді. 
ҰЗЫНБОЙЛЫЛЫҚ
Ұзынбойлылық

хронологиялық белгілі бір жас пен жыныстың орташа
көрсеткіштерінен артық, баланың бойының өсуін айтады
.
Ұзынбойлылық – шамадан тыс физикалық дамудың (жанұялық ұзынбойлық) белгісі
ретінде жиі кездеседі, алайда әртүрлі аурулардың жетекші симптомы болуы мүмкін.
Мысалы, СТГ секрециялайтын, ісіктер, церебралды алыптық, Марфан синдромы,
гомоцистинурия, қосымша Y-хромосомы бар синдром, Клайнфельтер синдромы,
инсулинге резистенттілік және тиреотоксикоз. Андрогендердің немесе эстрогендердің
шамадан тыс болған кезінде өсудің жылдамдауы өсудің эпифизарлы аймағының
жабылуына дейін байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   796   797   798   799   800   801   802   803   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет