конституционалды ерекшеліктері болып табылатындығын жоққа шығармайды. Осыған
байланысты емдеу әрекеті мүмкіндігі жайлы мәселе қарастырылуда.
Баласының өсуі оның ата-анасының өсуімен қалай байланысты екендігін анықтауға
қарапайым формула көмектеседі: ата-анасының бой ұзындығын қосып, егер бала ұл болса
13 қосады, егер қыз болса 13-ті аладыда, соңында 2-ге бөледі. Алынған нәтиже +/– 5 см
шамамен ересектердің бой ұзындығына сәйкес келеді. Егер шамалап алынған бой
ұзындығы есептелген формулаға сәйкес келсе, онда баланың өсуі тұқымға байланысты
екендігі әбден мүмкін, ал егер болжалған бой ұзындығы есептелгеннен аз болса, онда
дененің қысқаруына басқа факторлардың әсер еткендігін білдіреді.
ҰЗЫНБОЙЛЫЛЫҚ
Ұзынбойлылық
–
хронологиялық белгілі бір жас пен жыныстың орташа
көрсеткіштерінен артық, баланың бойының өсуін айтады
.
Ұзынбойлылық – шамадан тыс физикалық дамудың (жанұялық ұзынбойлық) белгісі
ретінде жиі кездеседі, алайда әртүрлі аурулардың жетекші симптомы болуы мүмкін.
Мысалы, СТГ секрециялайтын, ісіктер, церебралды алыптық, Марфан синдромы,
гомоцистинурия, қосымша Y-хромосомы бар синдром, Клайнфельтер синдромы,
инсулинге резистенттілік және тиреотоксикоз. Андрогендердің немесе эстрогендердің
шамадан тыс болған кезінде өсудің жылдамдауы өсудің эпифизарлы аймағының
жабылуына дейін байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: