Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет803/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   799   800   801   802   803   804   805   806   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

15.7.1. ГИПОГОНАДИЗМ
Гипогонадизм 
– (аталық бездің гипофункциясы)
атабездің репродуктивті және
ішкі секреторлы қызметінің төмендеуімен және екіншілік жыныс белгілерінің жыныс
мүшелерінің дамымауымен және бедеулікпен сипатталатын патологиялық жағдай
.
Гипогонадизм гонадалардың өзіндегі бұзылыстар негізіндегі
біріншілік
, гипоталамо-
гипофизарлы жүйінің патологиясымен байланысты 
екіншілік
болып бөлінеді. Біріншілік
гипогонадизмі бар науқастарда гонадотропинның деңгейі жоғары, екіншілік
гипогонадизмде төмен немесе болмайды.
Этиологиясы
.
Ер балаларда біріншілік гипогонадизм себебі мыналар болуы
мүмкін:
-
туа пайда болған түрлері – тестикул дисгенезиясы, тестостерон биосинтезінің ақауы,
анорхизм, рудиментарлы атабез, Клайнфельтер синдромы.
-
Жүре пайда болған түрлері – екі жақты орхит (паротитті, туберкулезды), хирургиялық
кастрация, сәулелі емдеу, жарақат.
Екіншілік гипогонадизмнің этиологиясы:
-
Іштен туа пайда болған түрлері – Кальмен синдромы (иіс сезу бұзылысымен жүреді).
Лоренс-Барде-Бидля синдромы, Прадер-Вилли синдромы, гонадотропиннің оқшаулан-
ған жетіспеушілігі.
-
Жүре пайда болған түрлері – супрацеллярлы ісіктер, жарақат, хирургиялық шаралар.
Клиникасы:
Біріншілік гипогонадизмде (гипергонадотропты) ер балаларда туылған
кезде атабезі және жыныс мүшесінің көлемі (2,5 см) кішкентай болады. Пубертатты
кезеңде екіншілік жыныс белгілері дамымайды. Бетте, қасағада, қолтық асты ойығында
түктер сирек (бүйрекүсті безінің андрогендер есебінен) немесе болмайды, безеу жоқ,
даусы жоғары болып қалады. Жыныс мүшесі және ұма инфантилді болып қалады және
қасағаның тері асты шел май ішінде қалады, атабезі өте кішкентай, пальпацияланбайды.
Тері асты шел-майдың геноидты таралуы: санда, жамбаста, кейде кеуде безі аймағында,
іште. Эпифиздер кеш жабылады, сондықтан бойы ұзын, аяқ-қолы ұзын, даусы жіңішке
(евнухоидизм), психикасы дамымаған, есте сақтауы нашар.
Пубертатты кезеңде плазмада тестостерон концентрациясы жасына емес, атабез
өлшеміне, жыныстың жетілу сатысына байланысты. Біріншілік гипогонадизмде
760


тестостеронның деңгейі жасқа тәуелсіз төмен болады және хориондық гонадотропин
енгізгенде жауаб ретінде жоғарыламайды.
Екіншілік гипогонадизм (гипогонадотропты) ер балаларда ФЫГ немесе ЛГ
жетіспеушілігімен байланысты. Біріншілік зақымдалу гипоталамуста немесе гипофиздің
алдыңғы бөлігінде орналасуы мүмкін, бұл гонадотропиннің жетіспеушілігіне алып келеді.
Атабез дұрыс құрылған, бірақ гонадотропинның ынталандыруы болмауына байланысты
ол пубертатқа дейінгі жағдайда қалып қояды.
Гонадотропиннің оқшауланған жетіспеушілігі – Кальман синдромы – иіс сезудің
жоғалуымен гипогонадты – гипогонадизмнің бірігуі болып табылады.
Лоренс-Мун Бидль синдромы: диагноз пубертатта жыныстық дамудың тежелуіне
немесе 16-17 жасқа дейін басталмауына; адренархе пайда болуы сүйектік жас қатынасы
бойынша кеш немесе болмауына негізделеді. Емінде – хориондық гонадотропин енгізу,
сүйемелдеуші андрогендермен ем тағайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   799   800   801   802   803   804   805   806   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет