Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Бірінші өсу өзгерісі кезеңіндегі бала



Pdf көрінісі
бет85/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Бірінші өсу өзгерісі кезеңіндегі бала 
(орта есеппен 4–7 жас). Шел майы қабатының
азаюы, бұлшық ет массасы арытуы айқындалады. Сондықтан, аяқ-қолының дөңгелектенуі
азайып, сан мен сирақтың, иық пен білектің диаметріндегі айырмашылығы жақсы білінеді.
Бұлшық ет рельефі біліне бастайды. Тұлға цилиндрлік түрін жоя бастап, кеуде мен іш
айқындалады. Іш көлденең қыртысы жойылады. Бет рельефі айтарлықтай тереңдеп,
төменгі жақ мөлшері арытып, өзіндік бет пішіні пайда болады.
Екінші толықсу кезеңіндегі бала түрі (типі).
Дене ұзындығының бірінші
созылуының арыту кезеңінің кейбір тоқырауымен сәйкес келеді. Бұл кезеңде денесі
қайтадан толықсиды, бірақ бірінші толықсу кезеңінен айырмашылығы сыртқы пішіні мен
дене бітімінің жыныстық өзіндік ерекшеліктері айқын білінеді. Қыз балалардың жанбасы
кеңейіп, май жинауы арытып, айқындалады. Ер балаларда бұлшық ет массасы арытып,
иықта, балтырда, олардың рельефі айқындалады. Қыз балаларда қолын тұлға бойымен
жіберіп тұрғанда арасында бос аймақ (мықын пайда болады) анықталады.
Екінші өсу өзгерісі кезеңіндегі бала түрі (типі).
Қолымен аяғының қарқынды
өсуіне байланысты дене пропорциясында айтарлықтай өзгерістер анықталады. Біраз
уақытта жасөспірім қолы ұзарып, ұзынтұраға ұқсайды. Біраз уақытқа салмақ қосуы қалыс
қалып, тері асты шел майы азаяды. Дененің орталық нүктесі, денесінің созылу фазасы
басталғанша, симфиздан айтарлықтай төмендейді. Бұл созылу кезеңінде жыныстық
айырмашылық элементтері тереңдей түседі. Қыз балаларда жанбас мөлшері қарқынды
өседі. Ер балаларда иық ені одан әрі үлкейіп, бұлшық ет рельефі одан әрі арытады. Бұл
өзгерістермен қатар, жыныстық жетілудің басталуы, сыртқы пішініне екінші реттік
жыныстық даму белгілері қосылады.


Мектеп жасындағы балалардың
дене бітімінің белгілерін талдау баланың
конституция түрін шамамен анықтаудың негізі болуы мүмкін. Ол үшін соматоскопиялық
тәсілмен қаңқасының, бұлшық ет, май тканьдарының, кеуде қуысының, жонының
(арқасының), ішінің формасын, эпигастральдық бұрыштың мөлшерін анықтау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет