Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ДЕНЕ БӨЛІКТЕРІНІҢ БЕТІНІҢ КӨЛЕМІН АНЫҚТАУ



Pdf көрінісі
бет84/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

ДЕНЕ БӨЛІКТЕРІНІҢ БЕТІНІҢ КӨЛЕМІН АНЫҚТАУ
Бас пен мойын
— 9 %
Қолдар:
әр қайсысы 
екеуі
— 9 % 
— 18 %
Аяқтар:
әр қайсысы
екеуі
— 18 %
— 36 %
Тұлға:
алдыңғы беті 
артқы беті 
барлық беті
— 18 %
— 18 % 
— 36 %


1.2.6. ДАМУ БАРЫСЫНДА ДЕНЕ БІТІМІНІҢ ӨЗГЕРУІ
Дене бітімінің өзгеруі әртүрлі әсерлерге байланысты. Ең бірінші бұндай фактор
ретінде баланың жасы әсер етсе, осы келе өзіндік жыныстық ерекшеліктер пайда болады.
Бұл жағдайда баланың конституциясының түрінің (типінің) белгілері маңызды орын
алады. Дене бітімінде кейбір науқастар нәтижесінде байқалатын қаңқа, тері асты шел
майындағы, бұл-шық еттегі өзгерістер із қалдырады. Мектеп жасындағы балалардың дене
бітіміне, мүсініне (келбетіне) қимылдық белсенділік тәртібі, спортпен шұғылданудың
деңгейі әсерін тигізеді.

Дене бітімінің баланың жасына сәйкес өзгеруі
Емшектегі бала түрі (типі).
Басы мен тұлгасы үлкен, аяқ-қолдары қысқа болып
келеді. Денесінің орталық нүктесі кіндік аймағында немесе кішкене жоғары орналасады.
Қолы, денесінің қапталында созылып жатады. Бірақ, тек, шап қыртысының ортасына ғана
жетеді. Мойыны қысқа және беттің төменгі бөлігінің артында жатады. Иықтың, білектің,
санның, сирақтың шеңберлері өзара өте жақын, яғни қилымдар тәріздес, болып келеді.
Санында 2–3 көлденең қыртыс байқалады. Аяқ және қол бастары томпиған және созылған
болып келеді. Іші үлкен, ілгері шығып тұрады.
Кішкене бала түрі (типі). 
Бірінші дөңгелектену немесе бірінші толықсу кезеңіне (1
– 3 жас) тән. Бет биіктігімен тұлға ұзындығының аяқ-қолдарға қарағанда шартты
басымдылығы сақталады. Бірақ индекстер аяқ ұзындығының созылуының басталғанын
көрсетеді. Аяқ-қолдар өзінің цилиндр тәріздес түрін сақтап қалады. Бірақ дистальды
бөлігі проксимальды бөлігіне қарағанда айқын кішірейеді. Қолдары санның жоғарғы 1/3
бөлігінің шетіне немесе санның ортасына жетеді. Тұлғаның формасы цилиндр тәрізді
болып, кеуде мен іштің айырмашылығы әлі айқындалмайды. Бірақ іштің шығып тұруы көп
білінбейді. Іш көлденең сызығы айқын білінеді. Бет рельефі терең емес, бет пішіні
дөңгелек, мұрын бет томпағынан шамалы шығып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет