Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет86/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Кеуде қуысының түрін
(формасын) конус, цилиндр тәрізді немесе басылған деп
бағалайды. Арқаны басылған, тіке, бүкірейген деп сипаттайды. Ішті ішіне тартылған, тіке
немесе томпайған (дөңес) деп бағалайды. Эпигастральды бұрыш – үшкір, тіке, доғал
болады. Аяқтың түрі – қалыпты,
О
-тәріздес,
Х
-тәріздес болады. Қаңқаның, бұлшық ет
және шел майының орналасуы мүмкін болатын үш сипатпен шектеледі: азайған (1
ұпай), қалыпты (2 ұпай), артық (3 ұпай).
Конституция түрі (типі). 
В. Г. Штефко және А. Д. Островский бойынша астеноидты,
торакальды, бұлшық етті, дигастивті болып бөлінеді. Кейбір балалар еш-қайсысына
жатпауы мүмкін, онда конституцияның айқын емес түрі туралы сөз болады.
Астеноидты түрі 
жіңішке, нәзік қаңқамен, бұлшық еттің және шел майының төмен
дамуымен, эпигастральды бұрышты үшкір болып, ішіне тартылған немесе тіке тұрған
ішпен, жалпиған, кеуде қуысымен және бүкірейген арқамен сипатталады.
Торакальды түрі
шел майы қалыпты болса да, қаңқаның шамалы дамуы тән.
Арқасы тіке, кеуде қуысы цилиндр тәрізді, іші және эпигастральды бұрышы тіке, яғни түрі
қалыпты, болып келеді.
Бұлшық етті түрі
бұлшық еті мен тұлғасының дамуының қалыптылығымен, шел
майының орналасуы қалыпты немесе орташа жоғарлығымен, кеуде қуысы цилиндр
тәрізді, арқасы мен эпигастральды бұрыш тіке болуымен ерекшелінеді.
Дигастивті түрі
– арқасы жалпайған, кеуде қуысы цилиндр тәрізді, эпигастральды
бұрыш доғал, іші дөңес, аяғы
Х
-тәріздес, қаңқа, бұлшық ет, шел майы жоғары деңгейде
дамыған.
1.2.7.
ДЕНЕ ДАМУЫН БАҒАЛАУ
Жаңа туылған баланың денесінің дамуын бағалау үшін, оның антропометриялық
көрсеткіштерін гестациялық жасына байланысты болуға тиісті көрсеткіштерімен салысты-
рады. Содан соң 
салмақ-бой коэффициентін 
(СБК) анықтайды. Салмақ бой коэффициен-
ті немесе салмақ бой индексі (СБИ) Кетле I немесе Тур индексі деп те аталады.
СБК =
Бірінші 3–5 күнде жаңа туған баланың алғашқы 6–8% немесе 150–300г салмағы
кемиді. Бұндай салмақтың кемуі барлық балаларда кездеседі де, балалардың организмінде
ешқандай ауытқулар болмайды және болашақта баланың денесінің дамуына әсерін
тигізбейді. Сондықтан бұл процесс салмақтың физиологиялық төмендеуі деп аталады. 4–5
күннен бастап оның салмағы қайта өсіп, екінші аптаның соңына қарай салмағын қалпына
келтіреді. Біразырақ балаларда (әлсіз, емшекті ықылассыз аз еметін балалар) бастапқы өз
салмағын қуып жету мерзімі 15 күнге дейін созылуы мүмкін.
Дене салмағы алғашқы қалпына келген соң, тез өсе бастайды. Бір жасқа дейінгі
балалар неғұрлым жас болса, салмағының өсу қарқыны соғұрлым жоғары болады.
1.
Туғаннан кейінгі бірінші айда бала 600 г салмақ қосады. 2–3 айда 800 граммнан, 4
айда – 750 г, 5 айда – 700 г. Әрі қарай әр ай сайын 50 г кем қосып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет