Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Цитомегаловирустық инфе кцияның



Pdf көрінісі
бет877/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   873   874   875   876   877   878   879   880   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Цитомегаловирустық инфе кцияның
жайылмалы ағымы өте мұқият емделуі
тиіс. Цитомегалдардың зәр, нәжісте табылуы бұл көрсеткішке жатпайды, себебі бұл жағ-
дай сау балаларда да болуы ыктимал. Цитомегалдык энцефалит, колит, пневмонияларда
ганцикловир қанға 14-21 күн бойы жіберіледі (2,5-5,0 мг/кг есебінен 8 сағат сайын). Кейін
ганцикловирді қолдау емі ретінде тәулігіне 5мг/кг есебінен аптасына 5 реттен
тағайындайды. Емделгендердің 10-20 %-да ганцикловир ауыр гранулоцитопения әкеледі.
Ең тиімді дәрі фоскарнет болуы ықтимал (60 мг/кг қанға тамшымен тәулігіне әр 8 сағат
сайын 10 күн бойы). Асқынулары: бүйрек жетіспеушілігі, неврологиялық бұзылыстар.
Бүйрек жетіспеушілігінде ганцикловир ең аз мөлшерде беріледі.
Жайылмалы кандидоздарда
флюконозол (дифлюкан) ішуге тәулігіне 3-8 мг/кг
(бұл бір реттік те мөлшер) есебінен немесе анкотил (бұл да ішуге) тәулік мөлшерін 4 бөліп
(100-150 мг/кг) немесе амфотерицин В қанға (тәулік мөлшерін 0,25 мг/кг-нан бірте-бірте
0,5-1,0 мг/кг-ға дейін көтереді, күніне 1 рет 4-6 сағат бойы) қолданылады. Бұл дәрілердін
бәрі сүйек майы жұмысын тежеп, бүйрек жетіспеушілігін беруі мүмкін, айқын гепато-
кардиотоксикалық әсері аллергиялық анафилактика шогына дейінгі көрінісімен қауіпті. В
амфотерициннің улық әсері өте жоғары. Жаңадан шығарылатын санырауқұлаққа қарсы
денелердің ішінен жанама әсері ең кемдеуі дифлюкан (тәулік мөлшері 3-6 мг/кг).
Кандидоздардын әдеттегі жүйелі курстық емі 2-3 апта, бірақ кейде бұдан да көп уақыт
жүргізілуі мүмкін.
ВИЧ-ке ұшырағандарда бактериальдық инфекциялар өте жиі сепсистік ағым алады,
сондықтан барлық қолда бар тексеру мүмкіндіктерін пайдаланса (микроскопия,
микробиология әдістерімен қан, зәр, нәжіс, ірің, тыныс жолдары кілегейі, ликвор және т.б.
зерттелуі), диагнозы ерте қойылуы мүмкін.
ВИЧ-инфекииясына ұшыраған балаларды алдын-ала егу өте-мөте керек, себебі
иммундық тапшылық негізде олар инфекцияларға өте сезімтал келеді. Бұл балаларға тек
тірі полиомиелит вакцинасын беруге (ішуге) мүлдем болмайды. Оны парентеральдық
(яғни өлген) вакцинамен ауыстыру керек. Басқа вакциналар бұл балаларға түгелдей
қолданылады. ДДҰ ВИЧ-инфекциясына ұшырағандарға ВСG вакцинасын жасаудан
қашпауды, ал инфекцияның симптоматикалық формасында мұны қолданбауды ұсынады.
815


ВИЧ-инфекцияға ұшыраған балалар желшешек ауруларымен қатынасатын болса,
соңғыларының қанына арнайы иммуноглобулин жіберілуі тиіс.
Егер ЖИТС-пен ауыратын науқас жарақат алса (столбнякқа қауіпті), балаға қанына
міндетті түрде арнайы (столбнякқа қарсы) иммуноглобулин жіберілуі керек (немесе етке).
ВИЧ-инфекциясын жұқтырған балалар қызылша ауруларымен қатынаса қалса,
бұларға міндетті түрде етке 0,25 мг/кг, ал ЖИТС науқасына – 0,5 мг/кг есебінен
иммуноглобулин жіберу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   873   874   875   876   877   878   879   880   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет