бойына ішуге беріледі (бұны көтермеген жағдайда осы мөлшерде қанға жібереді) немесе
пентамидин 4 мг/кг (қанға 2 бөліп 12 сағат) есебінен бұл да 2-3 аптаға тағайындалады.
Пентамидиннің жанама әсерлеріне қан қысымы төмеңдеуі, жүрек аритмиялары, құсу,
қандағы мегалобластық өзгерістер, лейкопения, алмасу бұзылыстары (гипогликемия, ги-
покальциемия, гиперкалиемия), тері бөртпелері тіпті Стивенс-Джонс сиңдромына дейінгі
көрініс жатады. Триметоприм мен сульфаметаксозол асқынулары: фолий қышқылы
кемістігі (асқорыту жолдарының бұзылысы, гипотрофия, лейкопения, мегалобластық
анемия және т.б.), метгемоглобинемия, гемолитикалық анемия, метаболикалық ацидоз,
олигурия мен лейкоцитурия -сульфаниламидтердің бүйрек өзекшелеріне тұнуы себебінен.
Осы жағдайларды ескеріп, кейбір асқынулардың алдын-алу үшін екі дәріні қабылдау
кезінде балаға фолий қышқылы (лейковорин) күніне 5 мг, ішуге берілуі тиіс.
Герпес-инфекция жүрісі
жайылмалы ми бұзылыстары, пневмониямен ерекше-
леніп, ацикловир (зовиракс) тағайындау көрсеткіші болады; бұл дәрі герпес вирустарының
І-ІІ-типі – тимидинкиназа ингибиторы, бұл желшешек, оралмалы герпеске (герпес
вирусынын ІІІ-типі) де қатысты. Энцефалитте дәрі қанға тамшымен 5-10 мг/кг есебінен
тәулігіне 3 рет (8 сағат сайын) 10-21 күн бойы беріледі. Женіл ағымында осы мөлшерде
ішуге де берілуі мүмкін. Сәбилер мен нәрестелерде жанама әсерлері өте сирек кездеседі,
бірақ үлкендер мен ересек балаларда энцефалопатиялық әсерлер, бас ауыруы,
артериальдық гипотензия, диспепсиялық өзгерістер, қанаққыштык жоғарылауы және аздап
иммунодепрессия байқалады. Ацикловирден көмек болмаса, герпетикалық энцефалитте
қанға 10 күн бойы видарабин (15 мг/кг есебінен тамшылатып 12 сағат бойы) жібереді.
Жанама әсерлері жоғарыдағыдай, бұған гемопоэз тежелісі қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: