Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет904/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   900   901   902   903   904   905   906   907   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Эпидемиология.
Инфекция ошағы – ауру (әсіресе аурудың басында) және бактерио-
тасымалдаушылар. 
Инфекцияның жұғу жолы:
ауа-тамшы жолы. Қатынастық индексі онша жоғары емес.
Аурушаңдық көрсеткіші 100 мың адамға 5-5,5 болып келеді. Негізінен ерте жастағы
балалар ауырады.
Патогенез.
Инфекцияның кіретін жерлері – мұрынжұтқыншақ, сиректеу аран кілегеі
қабақтары болып келеді. Менингококктар жергілікті барьерді бұзып, лимфогенді жолмен
көп мөлшерде қанға түседіде, лейкоциттермен қосылып, қанмен организмге түгел жайы-
лады. Аурудың даму-дамымауы клеткалық және гуморальдық иммунитеттің жағдайына
байланысты. Комплементтердің терминальды компоненттерінің (С5-9), пропердин, аспе-
ниелер жетіспеушілігі байқалатын балалар менингококкқа ерекше сезімтал болып келеді.
Геморрагиялық бөртпелердің пайда болуы, ТІШҰ синдромының пайда болуына әкелетін,
838


гемостаздың бұзылу процессіне байланысты жүреді. Менингококктар гемотогенді жолмен
гематоэнцефалотикалық кедергі бұзып өтіп, мидың жұмсақ қабатына жетіп, олардың қа-
бынуына әкеледі. Орталық нерв жүйесінің зақымдалуында эндотоксиннің (менингококк-
тің клеткалық қабырғасының өнімі) және аллергизациялайтын заттың, сонымен қатар, ісік
өліеттену түрткісінің, интерлейкиндердің, тромбоциттерді активтейтін түрткілердің
алатын орны маңызды.
Жіктелісі.
Түрі бойынша:
Жергіліктенген
– назофарингит,
жайылған
– менигит,
менигоэнцефалит, менингококкцемия болып бөлінеді.
Ауырлық дәрежесі бойынша:
жеңіл, орташа ауыр, ауыр
.
Ағымы бойынша:
тегіс
және
асқынулы
(жедел бүйрек үсті безі жетіспеушілігі,
эпендиматит, ТІШҰ- синдромы, ми шемені, пневмония, артрит, отит және т.б.). 
Клиникалық көрінісі.
Инкубациялық кезеңі 1-7 күнге созылады. Айқын даму, кері
даму, сауығу кезеңдерінің ұзақтығы аурудың ауырлық дәрежесіне және клиникалық
түрлеріне байланысты болып келеді.
Менингококктық назофарингит сирек анықталады, анықталғандада ауру адаммен
қатынаста болғаны анықталып, мұрынжұтқыншақ кілегейінен жұғынды алынып,
жұғындыдан менингококк сеуіп шығарылғанда ғана осы диагноз қойылады. 
Менингококкцемия немесе менингококктық сепсис аурудың науқас баланың өміріне
қауіп тудыратын түрі. Менингококкпен инфекциялаған 1000 баланың 1-уі науқасқа
шалдығады. Аурудың бұл түрінің негізгі белгісі – үдемелі ауыр интоксикация және
уртикарлы немесе макулопапулезді бөртпе. Бөртпелер геморрагиялы сипатты болады 
(134
сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   900   901   902   903   904   905   906   907   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет