гемостаздың бұзылу процессіне байланысты жүреді. Менингококктар гемотогенді жолмен
гематоэнцефалотикалық кедергі бұзып өтіп, мидың жұмсақ қабатына жетіп, олардың қа-
бынуына әкеледі. Орталық нерв жүйесінің зақымдалуында эндотоксиннің (менингококк-
тің клеткалық қабырғасының өнімі) және аллергизациялайтын заттың, сонымен қатар, ісік
өліеттену түрткісінің, интерлейкиндердің, тромбоциттерді активтейтін түрткілердің
алатын орны маңызды.
Жіктелісі.
Түрі бойынша:
Жергіліктенген
– назофарингит,
жайылған
– менигит,
менигоэнцефалит, менингококкцемия болып бөлінеді.
Ауырлық дәрежесі бойынша:
жеңіл, орташа ауыр, ауыр
.
Ағымы бойынша:
тегіс
және
асқынулы
(жедел бүйрек үсті безі жетіспеушілігі,
эпендиматит, ТІШҰ- синдромы, ми шемені, пневмония, артрит, отит және т.б.).
Клиникалық көрінісі.
Инкубациялық кезеңі 1-7 күнге созылады. Айқын даму, кері
даму, сауығу кезеңдерінің ұзақтығы аурудың ауырлық дәрежесіне және клиникалық
түрлеріне байланысты болып келеді.
Менингококктық назофарингит сирек анықталады, анықталғандада ауру адаммен
қатынаста болғаны анықталып, мұрынжұтқыншақ кілегейінен жұғынды алынып,
жұғындыдан менингококк сеуіп шығарылғанда ғана осы диагноз қойылады.
Менингококкцемия немесе менингококктық сепсис аурудың науқас баланың өміріне
қауіп тудыратын түрі. Менингококкпен инфекциялаған 1000 баланың 1-уі науқасқа
шалдығады. Аурудың бұл түрінің негізгі белгісі – үдемелі ауыр интоксикация және
уртикарлы немесе макулопапулезді бөртпе. Бөртпелер геморрагиялы сипатты болады
(134
сурет).
Достарыңызбен бөлісу: