Емі. Аурудың ауыр түрлері байқалатын, әлеуметтік және эпидемиялық көрстекіште-
рі бар науқастар аурухунуда емделеді. Этиотропиялық емді амоксиклавпен, цефалоспо-
риндердің ІІ-ІІІ ұрпақтарымен, левомицитинмен жүргізеді. Десесибилизациялық ем,
эубиотиктер тағайындау керек.
Эпидемияға қарсы шаралар. Тағамдық өнімдерді сақтауды дұрыс ұйымдастрыу.
Температурамен өңдеусіз қолданылатын өнімдірді бактериялық бақылау. Дератизация.
Арнайы алдын-алу шаралары жасалмаған. Ауруханадан науқас аурудың басталуынан 20
күн өткесін, клиникалық сауығудан кейін, бақылау қан анализдерінен және нәжісті иерси-
нияға себуден кейін шығарылады. Инфекцияның жайылған түрімен ауырған, асқынулар
байқалған, қайталама ағымды, баяу ағымды түрлері байқалатын науқастар бақылауға
алынады.
19.12. Т Ы Р Ы С Қ А Қ (ХОЛЕРА) Қоздырғышы – тырысқақ вибрионы-грам теріс, қисық қозғалғыш таяқша, көптеген серотоптары бар, бірақ ауру шақыратын V. Cholerae 01, биотип Е. Эпидемиологиясы. Инфекция ошағы : адам.
Тарау жолы: фекальды-оральды, көбіне
су арқылы. Қатынастық индексі жоғары.
Иммунитет тұрақсыз, қайталап ауру 3 айдан
кейін байқалуы мүмкін.
Патогенезі. Инфекция қақпасы адам ішек-қарын жолы. Қоздырғыш энтероциттер
микробүрлері бетінде дамиды (көбееді), бірақ эпителияны зақымдамайды және қабыну
процессін шақырмайды. Экзотоксин (холероген) энтероциттерге әсер етіп, аденилатцикла-
заны активтейді, сөйтіп ішек саңалауына су мен электролиттердің гиперсекрециясы байқа-
лады. Осының салдарынан аш ішек кілегей қабаты өте көп мөлшерде түзетін изотониялық
сұйық-тық тоқ ішекте қайта сорылып үлгере алмайды. Одан әрі айқын диареялық синдром
дамып, сусыздану байқалады. Энтероциттердің, оған бекіген вибриондармен бірге
сылынып түсуі эпителияның қоздырғыштан тазалануына ықпал етеді. Науқастың нәжісі
сыртынан қарағанда «күріш қайнатпасы» сықылды болып көрінеді. Дамитын организмнің
дегидратациясы дерттің негізгі патогенетикалых көрінісі болып келеді. Оның дамуның
соңғы сатысы гиповолемиялық шоктың дамуы.
Декомпенсацияланған сусыздану салдарынан токсикоз, жедел бүйрек жетіспеушілігі,
гипокалиемия, ми қан айналымының бұзылуы пайда болады. Сонымен қатар гипоглике-
мия, кома, құрысу байқалуы да мүмкін.
Жіктелісі. Қоздырғыш түрі бойынша
. Түрі бойынша
: типті, типті емес . Ауырлық
дәрежесі бойынша:
жеңіл, орташа ауырлық дәрежесі, ауыр, алгидті жағдай .