Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет919/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   915   916   917   918   919   920   921   922   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Емі
.
Гепатиттердің арнайы емі жоқ. Негізгі ем бөліктеріне күн тәртібін сақтау
(орташа ауыр және ауыр түрлерінде төсектік режим, жеңіл түрінде – жартылай төсектік
режим) және емдәмдік шектеулер (қиын еритін майлар мен майлы тамақтарды, колбасаны
және басқа өндірістік консервілеу өнімдерін, ашытқыларды, тәттілерді, саңырауқұлақтар-
ды, шокаладтарды шектеу); көкөністер, жемісжидектер, бал, шырындар, мусстар, ащы сүт
өнімдері, «қорғалмаған» жармалардан дайындалған ботқалар пайдалы болып келеді.
Дәрумендер, холекинетик тобындағы өт айдаушы дәрілер (минеральды сулар, магний
сульфат) қолданылады. Науқастардың көбі инфузиялық емді қажет етпейді. Гепати В
орташа ауырлық және ауыр дәрежедегі түрлерінде инфузиялық ем, парентеральды
интерферон, кейде глюкокортикоидтар, сарғаюдан кейнгі кезеңде – эссенциале, гептрал,
карсил, легалон қолданылады.
143 КЕСТЕ
БАЛАЛАР ВИРУСТЫ ГЕПАТИТТЕРІНІҢ АЖЫРАТУ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ
БЕЛГІЛЕРІ
(Учайкин В.Ф., Нисевич Н.И., 1998)
Диагностикалық
белгілері
Гепатит
А
Гепатит 
В
Гепатит С
Гепатит
Е
Гепатит
D
Науқастың жасы
Инкубациялық
кезең
Аурудың басталуы
Сарғаю алды 
кезеңіндегі 
Интоксикация
белгілері
Сарғаю кезеңіндегі 
интоксикация
белгілері
Аллергиялық
бөртпе
Аурудың ауырлық 
дәрежесі
1 жастан
жоғары
1-45 күн
Жедел
Айқын
Шамалы
білінеді
Жоқ
Жеңіл және
орташа
дәрежелі
түрлері
1-15 күн
Барлық
жастық
топтар
2.6 ай
Біртіндеп
Шамалы
білінеді
Айқын
Болуы мүмкін
Жиі ауыр
және орташа
ауыр түрлері
3-5 апта
Барлық
жастық
топтар
2 апта-3 ай
Біртіндеп
Шамалы
білінеді
Болмайды
немесе
шамалы
білінеді
Болуы мүмкін
Жеңіл және
сарғаюсыз
түрлері
2 апта
шамасында
1 жастан
жоғары
15-45 күн
Жедел
Айқын
Болмайды
немесе
шамалы
білінеді
Жоқ
Жеңіл
түрлері
1-2 апта
Барлық
жастық
топтар
2апта- 6 ай
Жедел
Жиі айқын
Айқын
Болуы
мүмкін
Ауыр және
қатерлі
түрлері
848


Сарғаю кезеңінің 
ұзақтығы
Созылмалы 
гепатиттің 
қалыптасуы
Тимол сынамасы
Серологиялық 
маркерлер
Жоқ
Жоғары
Анти-HAV
IgM
Сиректеу
алғашқы-
созылмалы
гепатит
Төмен, жиі
қалыпты
деңгейде
HbsAg, Hbe-
Ag, анти-HBc
IgM
Жиі, 50%
жағдайда
Орташа
жоғары
Aнти-HCV,
PHK HCV
Жоқ
Жоғары
Анти-HEV
2.7 апта
Жиі
Орташа
жоғары
HbsAg,
анти-
HDC,
анти-HDV
IgM
Сауығу критерийлері
.
Интоксикация белгілерінің, сарғаюдың кетуі, бауыр мен
талақтың мөлшерінің, нәжіс пен зәрдің түсінің қалыптасуы. 
Лабораториялық критериялары
– қан сарысуында трансаминазалардың (АЛТ,АСТ)
және билирубиннің қалыптасуы. Мектепке баруға аурудың басталуынан 40-50 күн
өткеннен кейін рұқсат етіледі. 
Сауыққаннан кейінгі бақылау
.
Диспансерлік бақылау 6 айдан кем болмау керек,
созылмалы В, С, D-гепатиттерде көп жылдарға созылады. Ауруханадан шыққаннан соң 1
айдан кейін АЛТ, АСТ, билирубинді, HbsAg қамтитын тексеру жүргізіледі. В, С, D
гепатиттер реконвалесценттері аруханадан шыққаннан кейін 3, 6, 9, 12 ай өткен соң
тексеріледі. Клиникалық-лабораториялық көрінісі қалыптасқан соң 6 айдан соң есептен
шығарылады. Реконвалесценттерге бақылау кезінде емдәм, профилактикалық егу жаса-
мау, дене шынықтырумен айналысу, гепотопротекторлармен, өт жүргізуші дәрілермен,
витаминдермен ем жүргізу ұсынылады. Қажет болса интерферондармен (виферон және
басқалар) ем тағайындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   915   916   917   918   919   920   921   922   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет