жоғарлауы) және зәр анализдері жүргізіледі. Гепатоциттердің зақымдалуын анықтауда
бауырарнамалық ферменттердің -гамма-глютамилтрансфераза, глютаматдегидрогеназа,
уроканиназа, фосфор- 1-фосфатальдолаза- активтілігін анықтау маңызды болып келеді.
Бірақ, тәжрибеде АЛТ және АСТ активтілігін анықтаумен шектеледі.
Серологиялық зерттеулер:
анти-HAV, HВsAg, HВcAg, HВeAg, гепатит А, В (HВcAg,
HВeAg - жедел инфекция көрінісі), D,E, F, G. Гепатит А, D, E, F, G вирустарының
анитигендерін анықтау үшін полимеразды тізбектік реакция қолданылады.
Ажырату диагнозы
(143 кесте).
Продормальды кезеңде ЖРВИ, аппендицитпен,
мезаде-нитпен, ішек инфекциясымен, глистік инвазиямен және басқалармен ажырату
қажет болады. Ұқыпты жиналған анамнез және эпидемиялық мәліметтер, толық және
жанжақты жүргізілген клиникалық зерттеулер, бауыр фермнттер активтілігін динамикіде
бағалау диагнозды дұрыс қоюға көмектеседі. Сарғаю кезеңінде, әдетте анемиямен,
гиперретикулецитозбен, талақтың ұлғаюымен, қанда байланыспаған билирубиннің
көбеюімен білінетін гемолитикалық сарғаюдан ажырату қажет. Бұл белгілер гепатитке тән
емес. Жастан асқан балаларда туа біткен бауырлық сарғаюлардан Жильбер ауруынан
ажыратуды қажет етеді. Оған шамалы тіке емес гипербилирубинемия тән болады. От
басылық анамнез тән. Жильбер ауруында науқастың жалпы жағдайы қалыпты, бауырдың
мөлшерлері және функциялық жағдайы бұзылмайды, бұдан бұрында тері мен клегей
қабатының сарғаю эпизодтары болғаны анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: