Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет916/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   912   913   914   915   916   917   918   919   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Гепатит В.
Жасырын кезеңі 60-180 күнге (әдетте, 2-4 айға созылады). Гепатит В
вирусы кең тараған клиникалық бұзылыстар себебі болады: белгілерсіз дамитын серокон-
версиялары, аурудың жеделдеу дамитын бейарнамалы симптоматикасынан (әлсіздік,
анорексия, жүрек айну және т.б.) немесе бауырдан тыс бұзылыстардан (мысалы,
артралгиялар, артриттер, нефротикалық синдром және т.б.) гепатиттің айқын клиникалық
белгілермен білінетін сарғаю және гепатиттің фульминантты ағымы және комаға дейін
байқалуы мүмкін. Адам генотипіне байланысты гепатит В вирусы бауырда гепатоцит
геномымен интеграциялануы (онда вирусты созылмалы тасымалдау пайда болады –
созылмалы гепатит), немесе реплицирленуі (онда инфекциялық процесс дамиды,
иммунопатолгиялық процессте болуы мүмкін) мүмкін. Типті жағдайда бастапқы (сарғаю
алды) кезең бірнеше сағаттан 2 аптаға дейін созылады (В.Ф. Учайкин бойынша орта
есеппен 5 күн), бәсеңдеу жүреді, интоксикация белгілері (әлсіздік, енжарлық, тәбетінің
төмендеуі, және басқалар), диспепсиялық бұзылыстармен (жүрек айну, қайталанатын құсу,
іштің ауруы), сиректеу қызбамен, бұлшық еттер ауырсынуымен, катаральдық
846


көріністермен білінеді. Ең жиі білінетін клиникалық белгісі бауыр мөлшерінің ұлғаюы,
пальпациялағанда оның қырларының ауруы есептеледі. Бұл кезеңде диагноз қою үшін
қандағы АЛТ, АСТ және гепатоспецификалық энзимдердің активтілігінің артуы, қандағы
HbsAg және HbeAg, анти-HBc IgM, ДНК-вируcтардың концентрациясының артуының
маңызы үлкен. Осы кезеңнің соңғы жағын ала зәрдің күрт қоңырлануы және нәжістің
түссізденуі (сарғаюдың пайда болуынан 1-2 күн бұрын) байқалады. 
Сарғаю кезеңі
біртіндеп сарғаюдың қарқындылығының артуы, интоксикациялық
және диспепсиялық белгілердің, ішінің ауруының күшеюімен, брадикардия, қан қысымы-
ның төмендеуі сияқты ваготония белгілерінің пайда болуымен сипатталады. Дақты-
папулезді бөртпе, буындардың ауруы байқалуы мүмкін. Сарғаю кезеңі, дерт асқынусыз
ағымды болса, шамамен 1 айға созылады. 
Қалыптасу кезеңі 
2-15 айға созылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   912   913   914   915   916   917   918   919   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет