сусызданудың тез дамуымен жүреді. Ерте жастағы балаларда
диспепсиялық көріністің
сипаты патологиялық процесстің асқорыту жолында орналасу деңгейімен және бірнеше
синдроммдармен анықталады.
Гастральды синдромға
лоқсу, құсу, мазасыздық (іштің ауруының эквиваленті) тән.
Энтериттік синдром
мол (көп), жиі, дұрыс қорытылмаған патологиялық
қоспаларсыз немесе нәжіспен араласып кеткен шамалы клегеймен; метеоризммен, іштің
кебуімен, аш шек тұзақтарының қорылдауымен сипатталады.
Алғашқы айлардағы
балаларда энтерите нәжісте, сүзбе тәріздес және майлы қышқылдары сабынан құралатын,
ақ түйіршектер байқалады. Энтеритте копрограммада жасушадан тыс крахмалдар,
бейтарап май, май қышқыладрының сабыны мен түйіршіктері саны көбейеді.
Колиттік синдром
жиіленген, аз мөлшердегі, құрамында жасыл түсті және түйір
және жіпше тәріздес клегей қоспасы, кейде қан аралас болатын нәжіспен білінеді. Іштің
төменгі бөлігінде , жиі солжақ мықын аймағында орналасқан толғақ тәрізді ауырсыну тән.
Сол жерде құрылдайтын сигма тәріздес ішек анықталады. Қарағанда көтеншектің босауы,
немесе үңірейіп тұрғаны байқалады. Ерте жастағы балаларда тенезмдер (күшенулер) –
науқасқа жеңілдік бермейтін жалған, ауырсынумен дефекация сезімі – болмайды.
Тенезмдер эквиваленті болып мазасыздану, қатты жылау, күшену ұстамас, аяғын тепкілеу,
үлкен дәретке отырғанда бетінің қызаруы есептеледі.
Колитте копрограммада көп
мөлшерде кілегей, лейкоциттер, кейде эритроциттер анықталады. Колиттік синдром
дизентерияға тән. Ерте жастағы балаларда жиі ішектің бірнеше бөліктері зақымдаладыда
бірнеше клиникалық синдром қосарланып байқалады.
Ротавирусты инфекцияда,
эшерихоздарда, токсикоинфекцияларды ауру гастроэнтерит түрінде білінеді. Сальмонел-
лездерде, дизентерияда және иерсинозда гастроэнтерит түрінде дамиды. Ерте жастағы
балалар ішек инфекциясның ерекшелігі эксикоздың тез дамуы және ерте токсикоздың
белгілерінің пайда болуы болып келеді. Аурудың
ауырлық дәрежесін сусыздану
(147
кесте)
және токсикоздың айқындылығы анықтайды.
147 КЕСТЕ
Достарыңызбен бөлісу: