• құсқанда және диареяда электролиттерді «сақтау (қор жинау)» қасиетінің төмен болуы-
нан, сузысдануу жиірек электролиттік бұзылыстармен асқынады;
• сілтілік-қышқылдық жағдай (СҚЖ) тұрақсыз, сондықтан оның өзгеруі тез пайда болады:
- ацидоз жағына (гипоксияда, токсикозда);
- алкалоз жағына (көп мөлшерлі құсуларда,тахипноэда);
• диареяда балаларға (әсіресе жасанды тамақтанатын, экссудативті немесе лимфатикалық-
гипопластикалық конститутция ақаулары, дистрофия байқалатын балаларда) бифидо-
флораның жетіспеушілігімен және шартты- патогенді флораның, олардың көп мөлшерде
улы заттарды (аммиак, индол, скатол, төмен молекулярлы май қышқылдары, күкірті
сутегі және басқа) өндіруімен қарқынды көбейіп, дисбактериоздың дамуына бейім
келеді.
Ішек инфекцияларында токсикоз сусызданудың ауырлық дәрежесіне және түріне
байланысты, бірақ сонымен қатар токсиндердің ішек эпителиийларына, бауырға, тамыр-
лар эндотелияларына, миға, нейрондардың шеткі бөлімдеріне әсер етеді. Ішек инфекциясы
фонындағы токсикозда токсиндердің ОНЖ әсернен пайда болатын неврологиялық бұзы-
лыстар (мазасыздану, тамақтан бас тарту) сусыздану белгілерінен бұрын байқалуы мүмкін.
Иррититивті белгілер сопорозды жағдаймен (әлсіздік, тежелу пайда болып, науқас
қоршаған ортаға қызығуын жоғалтады) алмасып тұрады. Кейін сопор, летаргия, комалық
жағдай дамиды. Ішек инфекциясындағы токсикоз бірнеше түрлі синдромдармен білінуі
мүмкін:
- инфекциялық қабыну белгелері;
- неврологиялық бұзлыстар синдромы;
- шеткі тамырлар жетіспеушілігі синдромы.
Айтарлықтай тез ішкі мүшелер (бауыр, жүрек-тамыр жүйесі) функциясы бұзылады.
Шектен тыс, гиперлактатемиямен және метаболикалық ацидозбен аноэробты гликолиз
активтелінеді. Тамыр өткізгіштігі, қан қою синдромымен, арытады, микроциркуляция
бұзылып, тіндер гипоксиясы дамиды.
Ауыр ішек токсикозын инфекциялық-токсикалық шок ретінде қарастыру керек.
Жіктелісі
146 кесетеде
берілген.
Достарыңызбен бөлісу: