Диагноз
келесілер нәтижесінде негізделеді:
-
ауру тарыхын дұрыс жинау;
-
эпидемиялық мәліметтер;
-
науқасты және оның нәжісін ұқыпты қарау;
-
клникалық- лабораториялық зерттеулер
(
копрограмма, қанның жалпы анализі
)
;
-
бактериологиялық зерттеу (барлық жағдайларда нәжісін себу, 3 күннен артық қызба
байқалса – қанды себу);
-
серологиялық мәліметтер (ішек инфекциясы басталғаннан кейін екінші апта
басынан бастап).
Ажырату диагнозы
бірнеше аурулармен жүргізіледі.
«Іш бүлігі»
клиникалық көрінісі байқалатын аурулар –
аппендицит, инвагинация және
іш түйілуінің басқа түрлері, іш жарақаты, қысылып қалған жарықтар, перитониттер. Бұл
ауруларға диспепсияның клиникалық көрінісі болмай, іштің ұстама тәрізді ауруы,
жергілікті «іш пердесінің тітіркену» белгілерінің анықталуы тән болады. Кезкелген кұмян
туған жағдайда оташы маманның кеңесіне жүгіну керек.
Дәрімен емделіп жатқан балаларда
дәрілік генезді диспепсиялық синдром.
Дәріні ала
бастаумен байланыс, дәрінің фармакокинетикалық және жағымсыз әсерлерінің көрінісін
білу көмектеседі.
Тағамдық алергияда байқалатын
аллергиялық диареяға
, әдетте терідегі бөртпелердің
(бөртпе, есекжемнің, Квинке ісігінің) және аллергияның басқа көріністерінің (риниттер,
конъюктивиттер, обструктивті синдром және басқалар) қосарлануы байқалады. Диспепси-
яның басталуы жаңа тағам бастап берумен, бұрын осыған ұқсас реакцияның болуы тән
болады.
Баланың, әдетте жалпы жағдайы айтарлықтай бұзылмайды, дене қызуы қалыпты,
интоксикация және токсикоз көріністері болмайды, қанда эозинофилия байқалады.
Сонымен қатар, пилероспазммен, пилеростенозбен, адреногенитальды синдроммен
ажырату қажет
(149 кесте).
149 КЕСТЕ
Достарыңызбен бөлісу: