7. Бұлшықетке немесе
көктамырға лазикс енгізу
- Зәр айдайтын қасиетіне байланыс-
ты байлама асты кеңістігінің ісінуін
азайтады
1-2мг/кг
1мл=10мг
8. Бұлшықетке немесе тері астына
эфедрин енгізу
- Бронхолитикалық әсеріне
байланысты дауыс саңылауы
аймағының тарылуын жояды.
0,1мл/жасына
9. Ауыр жағдайларда бұлшықетке
немесе көктамырға преднизолон
енгізу
- Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы
әсері бар
3-5мг/кг
(1мл=30мг)
10. Оттегі терапиясын жүргізу
- Оттегі жетіспеушілігін жояды
Естен тану (Талықсу)
Естен тану дегеніміз мидың ишемиясынан, қысқа уақытқа есінің жоғалуымен
жүретін қан тамырлық жетіспеушілігінің көрінісі.
Естен тану кезіндегі шұғыл көмек
Сатылары
Негіздеу
Мөлшерлері
1. Баланың аяғын жоғары көтерің-
кіреп тегіс жерге жатқызу (немесе
отырғызып, басын еңкейту)
- миға қанның келуін қамтамасыз
етеді
2. Денені қысып тұрған
киімдерден босату
- Өкпенің экскурсиясы жеңілдейді
3. Таза ауаның келуін қамтамасыз
ету
- Естен танғанда оттегілік
жетіспеушілік дамиды.
4. Баланың бетіне және денесіне
салқын су шашу немесе мүсәтір
спиртін иіскету (сірке қышқылын)
- Рецепторларды көп мөлшерде
тітіркендіру ОЖЖ-ң тыныс және
тамыр қозғалтқыш орталықтарына
қоздырғыштық әсер етеді
5. Тері астына кардиамин енгізу
- ОЖЖ-ге қоздырғыш әсер етеді
0,1мл/жасына
.
Достарыңызбен бөлісу: