Клиникасы : - жағдайының күрт нашарлауы, есінен тану.
тері жамылғысының бозаруы
салқын тер
жіп тәрізді жиі пульс.
АҚҚ төмендеуі
Коллапста көрсетілетін шұғыл көмек Сатылары
Негіздеу
Мөлшерлері
1. Баланы тегіс қатты жерге
басын төмендетіп жатқызу
- миға қанның келуін жақсарту, ми
гипоксиясы дамыған кезде қажет
болып саналады
2. Денені қысып тұрған
киімдерден босату
-Тыныс алу жақсарады
3. Таза ауаның келуін қамтамасыз
ету
-коллапста гипоксия дамиды
4. Тамыр тарылтатын препараттар
енгізу:
Мезатон
немесе норадреналин
немесе адреналин
- тамырлардың тарылуы және АҚ
жоғарлауы нәтижесінде қан
айналым жүйесіндегі қан көлемінің
азаюы
0,1мл/жасына
0,1мл/жасына
0,1мл/жасына
5. АҚҚ бақылай отырып көк
тамырға тамшылатып қан
алмастырғыштарды құю
- қан айналым жүйесінің толуы
және АҚҚ жоғарлауы
Анафилактикалық шок Анафилактикалық шок – аллерген әсерінен бірнеше минуттан кейін тез дамитын,
жедел түрдегі аллергиялық реакция.
Анафилактикалық шок дамуының негізінде антиген-антиденелі аллергиялық
реакцияның нәтижесінде дамитын
«мес» клеткаларынан биологиялық белсенді заттардың
(ең алдымен гистаминдер) көп мөлшерде шығуы жатыр. Босап шыққан токсикалық
биологиялық белсенді заттардың әсері:
-
тамыр мембраналарының өткізгіштігін жоғарлатады, соның нәтижесінде шоктың
жедел клиникалық көрінісі дамиды;
-
АҚҚ төмендейді, соның салдарынан есінен танады, тахикардия, тері жамылғысының
бозаруы, жіп тәрізді пульс пайда болады;
-
Бронхоспазм, ауыр тыныс алу анықталады.Тыныс алу жетіспеушілігі белгілерінің
үдемелі өсуі: ентігу, көгеру, тыныс алуға қосымша бұлшықеттердің қатысуы.