ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ ТҮРКІСТАН АХМЕТ ЯСАУИ КӘСІБИ КОЛЛЕДЖІ ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ Бағдарламалау пәні бойынша лекция жинағы Оқытушы: Ерімбет Пернебек Ысқақұлы
Түркістан 2022ж
Глоссарий
Тілдің командалары жиыны- Microsoft C/C++ нұсқасында тағы 19 командалар мен түйінді сөздер қосылды, соның нәтижесінде олар 66 болды.
Жылдам істейтіндігі - Си компиляторлары жасаған программа кодтары шағын, әрі жылдам істейді, оның үстіне тілдің аппаратық құралдарға жақындығы ассемблер тіліміен қатар жылдамдықпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Типтері де күрделі емес (Язык со слабой типизацией) - Паскальға қарағанда, мәліметтерді типтендіру мұнда төменгі деңгейде, ол типтерді бір-біріне жеңіл ауыстырады.
Құрылымды тіл болғандығы (Структурированный язык)-С-де қазіргі тілдерде болатын барлық басқару операторлары бар.
Модульдік программалауды сүйемелдеуі-С-де жеке компиляциялау мен біріктіруден құралатын модульдік программалау концепциясы пайдаланылады. Мұнда тек программаның өзгертілген бөліктерін жеке компиляциялау мүмкіндігі бар.
Екілік разрядтарды өңдеуі-Жүйелік программалауда екілік разрядтарды өңдеу ісі жиі кездеседі.
Нұсқаушы айнымалылар-Операциялық жүйе тіліне қойылатын тағы бір талап – ол жады аймақтарын адрестеу мүмкіндігінің болуы.
Құрылымы икемді тіл -Си тіліндегі барлық массивтер – бір өлшемді. Көпөлшемді массивтер осы бірөлшемді массивтерден құрылады. Массивтер мен құрылымдар (жазбалар) бір-бірімен керекті түрде байланысып, мәліметтер базасын құрайды.
Си тілінде жазылған программаның құрылымы-кез келген Си-программа бір немесе бірнеше функциялардан тұрады. Олар программа құруға керекті негізгі модульдер болып табылады.
Функция - Функция тақырыбы препроцессордың директивасынан және функция атынан тұрады.