ПІКІРІ Ахметова Айгерим Азаматқызы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ғ.Қайырбеков атындағы № 9 мамандандырылған мектеп» КММ 23.012023 – 05.05.2023ж аралығында педагогикалық тәжірибеден өтті.
Мектепте 9 «А» және 9 «Б» сынып оқушыларына биология сабағынан 15 ашық сабақ өткізді. 9 «А» сынып оқушыларына сынып жетекшілік жұмыстарын жүргізді. Педагогикалық тәжірибені өту барысында оқушылармен жақсы жұмыс жасады. Оқушылар алдында өзін дұрыс ұстай алды. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Жаңартылған бағдарламаны жақсы меңгере алды. Әр сабағына жақсы дайындалып, өзінің теориялық білімін практикада көрсете білді.
Ахметова Айгерим білімділігімен, өнерімен, парасаттылығымен оқушылардың бойына білім нәрін құйып, жүріс-тұрысымен үлгі бола білді. Әр ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне көрнекіліктер қолданды, көрнекіліктер талғамға сай жасалып, жауапкершілікпен жұмыс атқарды.
9 «А» сыныбына өткізген «Митоз.Митоз фазалары» тақырыбындағы ашық сабағында Айгерим үй тапсырмасын Wordwall прграммасы бойынша сәйкестендіру әдісі арқылы сұрап, кестені толтыр, сәйкестендіру, онлайн квест арқылы әдісі арқылы сұрады. Оқушылармен «Почта» әдісі арқылы кері байланыс жүргізді. Жаңа сабақты түсіндіру кезінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалана отырып презентация және бейнежазба арқылы түсіндіре алды.
«Митоз.Митоз фазалары» тақырыбындағы 9 сыныпқа өткізген Айгеримнің сабақ беру кезіндегі сырт келбеті, дауыс ырғағы, сөйлеу мәнері талапқа сай болды. Мұғалім ретінде өзін жақсы ұстап, өз білімін оқушыларға жеткізе алды.
Балдық көрсеткіші (ең.жоғ.= 100 балл ):
Университет тарапынан жетекші _______ Қ.Т.Баймаганбетова (қолы) (Тегі, аты-жөні )