Эволюциялық дамудың ішкі себептерін түсіндіру барысында келесідей тұжырымдарды бөлу керек. 1) Тұқым қуалаушылық касиеті нақты түрде көрінеді және ол келесі ұрпақтарда сіңіріліп жойылып кетпейді;
2)Тұқым қуалаушылық қасиеті жасуша ядросының хромосомаларында жинақталған, гендер хромосомаларда сызықтық реттілікте орналасады және олар ДНҚ молекуласының белгілі бөліктері болып табылады;
3) Тұқым қуалаушылық қаситетінің коды ДНҚ молекуласындағы азоттық негіздердің қайталану реттілігі болып табылады және олар айырықша ақуыз молекулаларының синтезін қадағалайды;
4) Ағзаның онтогенездік дамуында генетикалық ақпарат морфогенетикалық үрдістердің жүру бағытын анықтайды, оған сыртқы орта айтарлықтай әсер етеді; қалыптасқан фенотип генетикалық негіз бен сыртқы ортаның әсерінің нәтижесі ретінде қарастырылады;
5)Белгінің фенотиптік көрінісінің барлық мүмкіндік варианттары генотиптің қалыпты реакциясы болып табылады. Бұл варианттар тұқым қуалаушылық емес модификациялық өзгергіштіктер;
6)Нағыз тұқым қуалаушылық қасиеттер немесе өзгергіштіктер - мутациялық өзгергіштіктер геномдық, хромосомалық және гендік деңгейлерде жүреді, ол өзгергіштіктер анықталмаған және өзін тудырған себептерге қатысты кездейсоқтық оқиға болып табылады;
7) Мутацияның өте күшті фенотиптік көрінуі түр үшін зиянды, түрдің генофондына зиянсыз аз мөлшерде көрінген мутациялық өзгергіштіктер кіреді; олар комбинативтік өзгергіштіктің бастапқы материалы болып табылады;
8) Популяцияның генофондының құрамының бағытты өзгеруін эволюция деп атауға болады; оны жүргізетін басты күш-табиги сұрыптау;
9) Сұрыптау фенотиптерге әсер етеді, бұл кезде жеке белгілер мен аллелдер емес белгілі қалыпты реакцияларга тән генотиптер сұрыпталады;
10)Туысты түрлердің генофондтарында гомологтық гендер сақталады, олар әртүрлі түрлерде гомологтық мутациялардың пайда болуын қамтамасыз етеді;
11)Модификациялық өзгергіштік түрдің ортаның әртүрлі әсеріне бейімдік қасиеті болып табылады.