Балуанныѕ дене- кїш ќабілетін арттыру


Уақытты көбейту әдістемесі



бет18/42
Дата16.02.2023
өлшемі468 Kb.
#68638
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42
Уақытты көбейту әдістемесі.
Бұл әдістеме кезінде балуанға қысқы уақытта үлкен қарқынмен жұмыс жасау тапсырмасы беріледі. Әр сағат сайын белдесу уақыты ұзартыла береді, бірақ күресу қарқыны төмендемейді.
Балуанның арнайы жылдамдығы – оның нәтижелі белдесуге аз уақыт жұмсап жетуіне бағытталған. Жылдамдық көрінісін әр адам субъективті түрде қабылдайды. Біреуге жылдам көрінген қозғалыс біреу үшін баяу болуы ықтимал. Спорттық шеберлік неғұрлым жоғары болған сайын, арнайы жылдамдық қабілеті жоғары бола бастайды.
Күрес әдіс-айласын шебер орындауға машықтандыру жылдамдық қабілетін арттыруға көмектеседі. Жылдам орындауға жұмсалатын уақытты азайту төмендігі жағдайларға байланысты:

  1. Әдісті немесе жаттығу түрін орындау элементтерін ауыстыруға

  2. Әр қимыл түрін жұмсалатын уақыттың қасындысына

  3. Жаттығуды орындауға жұмсалатын күш қосындысына

  4. Қозғалысты орындауға жұмсалатын жол ұзақтығын қысқартуға

  5. Қозғалысты атқаратын иінді қысқартуға

Қозғалысқа қатысатын бірнеше дене мүшелерінің жылдамдықтарын біріктіру, қосу жалпы жылдамдықты арттырады. Орындауға қажетті күрес әдісінің бірнеше бөліктерінің бірігуі арқылы, толық әдіс көрініс береді. Олар көбіне брінен кейін бірінің қалыптасқан реті бойынша орындалады. Машықтану кезінде осы орындалу реті жаттықтырушының тапсырмасы бойынша өзгертілуі ықтимал. Мысалы, қол және желкеден ұстау арқылы арқадан асыра лақтыру әдісін орындау реті:
1) ұстау, 2) арқамен қарсыласқа бұрылу, 3)көтере лақтыру, 4) құлау болып бөлінеді. Ал жақсы мащықтанған балуандар осы ретті, көбіне, өзгертіп орындайды. Мысалы, - алдымен олар құлап бара жатып бұрылуды, ұстауды, соңынан көтере лақтыруды орындайды. Әдісті осылай орындау кезінде жұмсалатын күш, дене мүшелерінің үйлесімді жұмыс істеуді барлығы әдісті жылдам орындауға бағытталады, сонда қарсыластың әдіске қарсы әрекет ету мүмкіндігі азаяды
Қарама-қарсы бағытталған жылдамдықтарды қосу арқылы – қозғалыс жылдамдығын арттыруға болады. Оған қарсылас балуан өзіңе қарай қозғалып келе жатқанда сол қозғалысын жалғастыра әдіс орындай алу жатады. Осылай орындау кезінде жылдамдық көрсеткіші артқанымен күш көрсеткіші кемитіндігін еске ұстаған жөн


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет