Балуанныѕ дене- кїш ќабілетін арттыру


Қарсылас балуанның қорғаныс жылдамдығын төмендету арқылы



бет19/42
Дата16.02.2023
өлшемі468 Kb.
#68638
түріДиплом
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42
Қарсылас балуанның қорғаныс жылдамдығын төмендету арқылы әдіс айланы өте жылдам және шебер орындай білу дәрежесіне жету, күресу үстінде шабуылдау немесе қорғану кезендерін қасылас жылдамдығынанда тез орындау қабілетіне жеткізеді. Қарсылас балуан жылдамдығын төмендегі жағдайларды қолданып азайтуға болады:
а) оның күшіне күшпен қарсы жауап беру арқылы,
ә) қарсыластың дене мүшелерінің қозғалыс жолын ұзарту арқылы,
б) қозғалыс инерциясын ұзарту арқылы т.б.
Осы мақсаттарды іске асыру үшін көбіне «алдын алу» белдесулерін өткізеді. Бұл белдесулердің ерекшеліктері онда қарсылас балуанға шабуыл жасап, әдіс орындауға тапсырма беріледі, ал қорғанушы балуан осы шабуылдың «алдын алып» одан да тез әрекет етіп, өзі әдіс орындауға міндетті.
Жылдам әрекет етіп үйретуге өзінен салмағы жеңіл балуанмен күрестіру де тиімді болып келеді, себебі салмағы жеңіл балуанның салмағы ауыр балуаннан қозғалысы жылдам болып келеді. Мақсат – жылдам қозғалысқа қарсы әрекет ете білуге үйрет.
Арнайы жылдамдық көрсеткішін төменгі формуламен есептейді.
А жылдамдық = ____t____
R ; t - күресу уақыты
R – көрсеткіш (ұпай саны, жарыста алған орын)
Бір-біріне қарсы бағытталған күш түрлерін қосу жылдамдық инерциясын арттырады.
Қарсылас балуанның денесі қозғалысының инерциясы неғұрлым жоғары болған сайын әдісті орындау жылдамдығы артады. Денеі қозғалтуға арналып жұмсалған күш мөлшері көп болған сайын қозғалыс инерциясы арта түседі.
Әдіс орындауға қосылатын дене мүшелерінің қозғалыс жолын қысқарту оның орындау уақытының азаюны әкеледі, яғни, әдісті жылдам жасау мүмкіндігі артады. Мысалы, арқадан аса лақтыру әдісін орындау кезінде жамбасты алға алдын ала шығару, сол әдісті орындау жылдамдығын арттырады. Жамбасты алға шығару, тобықтан қағу, шалу, ілу, өңгеріп лақтыру сияқты әдістерді жылдам орындауға көмектеседі. Алға еңкею, қолды төмен түсіру, аяқтан ұстау әдістерін жасауға қолайлы.
Қозғалу инерциясының айналу осьне жақын болуы әдісті жылдам орындауға қолайлы болып келеді, оны төмеңгі мысалдардан көруге болады. Мысалы, арқадан асыра лақтыру әдісін орындау үшін балуан өз денесін тік өсі бойынша бұру қажет болады, сондықтан әдіс орындаушының денесінің неғұрлым тік жағдайда болып айналу өсіне жақын болуы, сонымен қатар қолмен аяқтыңда осы өске жақын болуы әдісті орындауды жылдамдатады. Әдісті бір аяқта тұрған жағдайда, дененің еңкейіп тұрған қалпында, қолдардың жан-жаққа созылған күйінде жасау әдісті орындауды баяулатады. Шалу, қағу, ілу әдістерін аяқтың бүгілген қалпына орындау жылдам болады. Аяқтың түзу қалпында болуы әдісті орындау уақытын созып орындау мүмкіндігін азаятады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет