Банк активтерінің мәні


Банк активтерінің құрылымы



бет2/4
Дата27.04.2023
өлшемі28,14 Kb.
#87501
1   2   3   4
Банк активтерінің құрылымы
Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне,тәуекелді активтерінің көлеміне,толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.
Коммерциялық банктердің активтерін төмендегідей төрт топқа бөлуге болады:

  1. Касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар;

  2. Берілген несиелер;

  3. Бағалы қағаздарға жұмсалған инвестициялар;

  4. Банктің ғимараты мен жабдықтары.

Активтердің сапасы,олардың өтімділігіне,тәуекел активтердің көлеміне,толық бағалы емес активтердің үлес салмағына,активтердің көлеміне,табыс әкелуіне қарай анықталады.
Банк өзінің міндеттемелерін күнделікті орындап отыруын қамтамасыз етуіүшін активтердің құрылымы өтімділіктің талаптарына сәйкес келуге тиіс.Осы мақсатта банк өзінің активтерін,олардың өтелу мерзіміне байланысты және өтімділік дәрежесіне қарай жіктейді.Өтімділігіне қарай банк активтері төмендегідей топтарға ббөлінеді:

  1. өтімді активтер;

  2. жоғары өтімді ;

  3. ұзақ мерзімді өтімді активтер өтімді активтер.

Еліміздегі екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялдық нормативтерге сәйкес жоғары өтімді активтерге мыналар жатады;

  • қолма қол ақшалар;

  • мемлекеттің бағалы қағаздары және Қазақстан ипотекалық компаниясының борыштық бағалы қағаздары,сондай-ақ өтімділігі жоғары басқа да бағалы қағаздар;

  • құйма қымбат бағалы қағаздар;

  • Ұлттық банктегі Standart &Poors және басқа рейтингтік агенттіктердің «А»төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар бейркзидент-банктердегі талап етуге дейінгі депозиттер;

  • Standart &Poors және басқа рейтингтік агенттіктердің «А»төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар Қазақстан Республикасының банктерге берген «овернайт» займдары.

Банктің өтімді қаражаттарының құрылымына жоғарыда аталғандардың басқалары,яғни қайтару мерзімі 30 күнді құрайтын,шетел валютасында берген барлық несиелер,алдағы 30 күн ішінде аталған банкке келіп түсуге тиісті басқа да төлемдер жатады.
Ұзақ мерзімді активтерге бір жылдан жоғары уақытқа берілген несиелердің барлығы,сондай-ақ 50%кепіл хат және кепілдікпен «жылдан жоғары уақытқа берілген несиелер,Үкіметтің кепіл хатымен,бағалы қағаздарды және бағалы металдарды кепілге алып берілген ссудаларды шегеріп тастағандағы мерзімі өткен несиелер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет