Банк активтерінің мәні


Қазақстан активінің өсімі



бет4/4
Дата27.04.2023
өлшемі28,14 Kb.
#87501
1   2   3   4
Қазақстан активінің өсімі
Қазақстанның коммерциялық банктерінің активтер жиынтығы 2011 жылдың 1 мамырында 0,7%-ға арта отырып, 12 трлн. 448,9 млрд. теңгені құрады.
Шетелдік валютада белгіленген активтердің үлесі есептік күні активтер жиынтығының 32,1% -ын немесе 3 трлн. 994,7 млрд. теңгені құрады. Банктердің жиынтық активтеріне шаққандағы жоғары ликвидті активтер үлесі 1 мамырда 21,6% (1 сәуірде 22,3%) құрады.
2011 жылдың 1 мамырында Банк секторының жиынтық есептік меншікті капиталы сәуір айында 3,2%-ға өсіп, 1 трлн. 843,2 млрд теңгені құрады.
Банктер кірістерінің жиынтық сомасы 1 трлн. 122,1 млрд. теңгені құрады, шығыстарының сомасы – 1 трлн. 115,2 млрд. теңге (есептік күні 7,5 млрд. теңгені құрайтын табыс салығын есептемегенде). Нәтижесінде банктердің таза шығыны 2011 жылғы қаңтар-сәуір айлары бойынша 0,6 млрд. теңгені құрады.
Банктердің қарыздық портфелі (банкаралық қарыздарды қоса алғанда) ағымдағы жылдың сәуір айында 0,7%-ға өсіп, 1 мамырында 9 трлн. 189 млрд. теңгені құрады. Бұндағы Қазақстанның резиденттер еместерге берген қарыздары 1 трлн. 299,9 млрд. теңгені немесе қарыздық портфельдің 14,1%-ын құрады (2011 жылғы 1 қаңтарда бұл көрсеткіш 14,8%-ды құраған). 2011 жылғы 1 мамырда шетелдік валютада берілген қарыздар жиынтық қарыздық портфельдің 48,2% -ын немесе 4 трлн. 427,4 млрд. теңгені құрады деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан ҚР Ұлттық Банкіне қаржылық бақылау комитетіне сілтеме жасай отырып.Ал Қазақстан банктерінің жиынтық активтері 2011 жылдың шілде айында 3%-ға артып, 13 трлнды құрады. Бұл жайында Қаржылық нарық пен ұйымдарды қадағалау комитетінің таратқан баспасөз баянында көрсетілген. Несие қоржынындағы стандартты қарыздар үлесі 25%, күдікті борыштар – 52,5, ал қайтуы неғайбыл қаражаттар – 22,5% болды. Банк секторының жиынтық міндеттемелері шілде айында 3 пайызға артып, 1 тамызда 11,5 трлнды құрады.
Қорытынды

Банктердің дамуы мен тауар өндірісі айналысы тарихи жағынан алғанда қатар жүріп отырды және бір-бірімен тығыз байланысты болды. Бұл кезде банктер ақшалай есеп айырысуларды жүргізе отырып, шаруашылықты несиелей отырып, капиталдардың қайта бөлінуінде делдал бола отырып өндірістің жалпы тиімділігін арттырады, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай жасайды.


Коммерциялық банктер өздерінің табыстық базасын кеңейтіп, рентабельділігі мен бәсекелестілігін көтеру үшін клиенттеріне операциялар мен қызметтердің кең көлемін көрсетуге тырысады. Банк активтік операциялары нарығындағы бәсеке банктік қызметтің бұл түрінің сандық және сапалық сипатамаларына әсер етеді.
Коммерциялық банктердің дұрыс жұмысын атқаруы олардың өзінің және сырттан тартылған қаражаттарының әр түрлі активтер бойынша дұрыс орналастырылуына байланысты, яғни қолындағы қаражаттарды қаншалықты дұрыс, орналастырса, оның жағдайы соншалықты орнықты болады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі



  1. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, Несие, Банктер», Алматы – 2001 ж.

  2. С.Б.Мақыш «Банк ісі»,Алматы-2009

  3. Caspionet.astana




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет