Банк активтерінің мәні



бет3/4
Дата27.04.2023
өлшемі28,14 Kb.
#87501
1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-49289

Банк активтерін басқару
Банк активтерін басқару мақсаты - меншікті және тартылған қаржыларды тиімді орналастыру негізінде банктің ең үлкен пайда алуына қол жеткізу.
Активтерді басқару сапасы тікелей бірнеше көрсеткіштерге ықпал жасайды:
- өтемпаздығы;
- пайдалылығы;
- сенімділігі;
- банктің тұрақтылығы.
Банктің активтерін басқару кезінде мынандай негізгі қағидалармен жетекшілік жасалады:
- банк активтерінің тиімді құрылымын қамтамасыз ету;
- әр тараптандыру ( актив операциясын кеңейту);
- тәуекелділікті анықтау және резервті құру;
- активтердің тұрақты табысын қамтамасыз ету.
Банк активтерінің құрылымы баланстағы активтердің әр түрлі баптарының сапасына қатынасы ретінде көрінеді. Ал, активтердің құрылымы мен сапасы олардың өтемпаздығынан көрінеді.
Банктің өтемпаз активтерін банк міндеттемелерін жабу үшін тез пайдалануға болады.
Өтемпаз активтерге жататындар:
- кассадағы қолма-қол ақша;
- Ұлттық банктегі, шетел банктеріндегі корреспонденттік шоттардағы қаржы қорларының қалдығы;
- банкпен сатып алынған мемлекеттік займдар, Ұлттық банктің бағалы қағаздары.
Көрсетілген активтердің өтемпаздығы тұрғысынан қарастырамыз.
Қаржылық қор белгілі болғандай, сөзсіз өтемпаз, сондықтан оларды кез келген уақытта банк міндеттемесін жабу үшін пайдалануға болады. Корреспонденттік иіоттардағы қаржылардың қалдығы оларда өтемпаз болып саналады және олар өтемпаздық ресурстарының қоры болып табылады.
Корреспонденттік шоттарда қаржы үнемі өзгеріп отырады, сондықтан, банк ағымдағы шоттардағы өз міндеттемелерін орындау үшін оның көлемі жетуі өте маңызды. Осы мақсатта корреспонденттік шоттың және оның тиімді басқарылуының жағдайын тұрақты бақылау жүргізіледі. Егер корреспонденттік шотта қаржы жетпей қалған шақта, банк банкаралық қарыз бен қаржы рыногының жедеғабыл депозитін алуы мүмкін.
Келесі өтемпаз активтер-мемлекет шығарған, сондай-ақ жергілікті үкімет органдары шығарған немесе муниципалдық бағалы қағаздар. Дамыған елдерде мемлекет кепілдік беретіндіктен, үкіметтік қарыздық міндеттемелер жоғары өтемпаз болып саналады, оларда тәуекелділік өте аз.
Бірақ бағалы қағаздар рыногы жеткілікті дамымағандықтан белгілі бір дәрежеде оларды өткізуде қиындықтар мол болғандықтан, өтемпаздығы төмендейді.
Соған қарамастан мемлекеттік және муниципалдық бағалы қағаздарды тез өткізілетін активтерге жатқызуға болады, сондықтан олар көп жағдайда өтемпаз бола алады.
Экономиканы реформалау және оның дағдарыстан шығуы банк активтері мен бағалы қағаздардың үлесінің молаюына көмектеседі.
Өтемпаз активтерге банкпен 30 күн мерзімге берілетін қысқа мерзімді кредиттерді жатқызуға болады. Бірақ мұндай жағдайда, берілген кредиттің сапасын есепке алу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет