Банк туралы түсінік, оның түрлері, қызметтері. Қазақстандағы банк жүйесі



Дата07.10.2024
өлшемі85,16 Kb.
#147041
Байланысты:
Шылау

Шылау

Шылау - сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады және өзі тіркескен сөзге қосымша мағына береді.

Шылаудың белгілері:

  • 1.Лексикалық мағынасы жоқ.
  • 2.Сөйлем мүшесі бола алмайды.
  • 3.Түрленбейді (жалғаулар жалғанбайды).

Шылаулар сөйлемдегі қызметіне қарай 3-ке бөлінеді.

  • Септеулік шылау
  • Жалғаулық жылау
  • Демеулік шылау

Септеулік шылау

Септеулік шылаулар белгілі септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған қосымша (мезгілдік, мекендік, шектік, себептік, мақсаттық т. б.) мән үстеп тұрады да, оны екінші сөзбен сабақтастыра (бағындыра) байланыстырады.

Атау септігіне қатысты: арқылы (через), жайында, туралы (про), сайын (каждый раз), тәрізді, сияқты (кажется), үшін (о, для)

  • Атау септігіне қатысты: арқылы (через), жайында, туралы (про), сайын (каждый раз), тәрізді, сияқты (кажется), үшін (о, для)
  • Барыс септігіне қатысты: дейін, шейін (до), таман, қарай, салым, жуық, тарта
  • Шығыс септігіне қатысты: кейін, соң, гөрі, бері, бұрын, әрі
  • Көмектес септігіне қатысты: қатар, қабат, бірге, қоса.

Сөздерді өзіне тиісті септеулік шылаумен байланыстыру.

Үйге бірге Анаммен дейін Дос үшін Отан туралы Ауылға қарай Жүзге гөрі

Ойыннан тарта

Септеулік шылауға байланысты тест

1. Барыс септігіндегі сөзбен тіркесетін септеулік шылауды табыңыз.

А) Бірде. В) Өйткені. С) Дейін. D) Тұрсын. E) Сондықтан.

2.Атау септігіндегі сөзбен тіркесетін септеулік шылауды табыңыз.

А) Қатар. В) Кейін. С) Арқылы. D) Басқа. E) Соң.

3.Септеулік шылауы бар сөйлемді табыңыз.

А) Сен қонаққа жиі барасың ба?

В) Тұсау кескеннен кейін сыйлық беріледі.

С) Мен де домбыра тарта аламын.

D) Досым біреу-ақ.

E) Алтының мен кітабың жерге түсіп кетсе, кітабыңды көтер!

4. Сөйлемдегі септеулік шылауды табыңыз.

4. Сөйлемдегі септеулік шылауды табыңыз.

Мұнай өндіру арқылы экономикамызды көтереміз.

А) Мұнай. В) Өндіру. С) Арқылы. D) Экономикамызды.

E) Көтереміз.

5.Септеулік шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Іскер адамдар уақыттың бағасын білу керек.

В) Егер уақыт болса, серуенге шығамыз.

С) Күндіз жақсылық жасаған адам түнде жақсы ұйықтайды.

D) Мәжілісте осы мәселе жөнінде сөз болады.

E) Біз өнерді ұлттық мәдениеттің дамуына пайдаланамыз.

6.Шығыс септігімен тіркесетін септеуліктерді табыңыз.

6.Шығыс септігімен тіркесетін септеуліктерді табыңыз.

А) Бірде. В) Басқа. С) Үшін. D) Арқылы. E) Туралы.

7.Септеулік шылауы дұрыс қолданылған сөйлемді табыңыз.

А) Кітапханаға кейін жүз метр қалды.

В) Ол Астана қаласына оқуға түсуге барды.

С) Әр елдің тағдырында үлкен тарих жатыр.

D) Тұсау кескен адамға сыйлық береді.

E) Мен сабақтан кейін үйірмеге бардым.

8. Көмектес септігімен тіркесетін септеулікті табыңыз.

8. Көмектес септігімен тіркесетін септеулікті табыңыз.

А) Үшін, арқылы. В) Кейін, басқа. С) Қатар, бірге.

D) Кейін, шейін. E) Бірде, болмаса.

9.Септеулік шылауларды табыңыз.

А) Түгіл, тұрсын. В) Дейін, шейін. С) Себебі, өйткені. D) Егер, егер де. E) Я, болмаса.

10.Дұрыс қолданылған шылауды табыңыз.

А) Мектепке соң. В) Тойға кейін. С) Жұмыстан соң.

D) Жұмыстан қатар. E) Менен қатар.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет