Баөж дербес компьютерлердің пайда болуы. Алғашқы дк пайда болғанға дейінгі ет даму тарихының кезеңі. Компьютерлердің дамуының негізгі кезеңдері. Жоспар



бет10/17
Дата03.01.2023
өлшемі0,65 Mb.
#60289
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Сұйық кристалды дисплейлерді - LCD (Liquid – Crystal Display) дисплейлері деп атайды. Оның ерекшеліктері; жазық экранның болуы, қолдану қуатының аздығы (5 Вт). Активті матрицалы сұйық кристалдық панелдік түстерді сапалы беруі. Кемшілігі: ажырату қабілеті аз және бағасы қымбат.
Жазық параллель сұйық кристалды мониторлар.
Олардың төмендегідей ерекше қасиеттері бар:

  • Информацияны бейнелеу үшін экрандық бет толық қолданылады. (17 – дюймдік – 17 дюйм қалпында).

  • Өлшемінің шағын болуы.

  • Орнатылатын тұғырының алынатындығы, оны керегеге немесе кез – келген орынға қоюға мүмкіндік береді.

  • Тұтынатын электр қуаты аз, жылу аз бөлінеді.

  • Мониторды 90º бұрышқа бұрып орналастыру мүмкіндігі.

  • Салмағының жеңілдігі. Мысалы 15 – дюймдік View Sonic VA550 дисплейі 4.5 kg болады.



Электрлі-сәулелік трубкалы монитор
Электрлі-сәулелік трубка шыны колба ретіндегі электрлі-вакуумды құрылым, басжағында электронды трубкасы бар, ал түбінде люминофор қабығы бар экран. Жылыту кезінде электрондар ағымы электрон пушканы сәулелендіреді, ол жоғарғы жылдамдықпен экранға жылжиды. Электрондардың әсерінен, қолданушыға көрінетін,люминофор жарық шығарады. Люминофор электрондық ағымнан кейінгі жарықтану уақытымен ерекшеленеді. Электронды сеуле экранды солдан оңға, жоғарыдан төменге қарай қатарларға бөліп, өте тез қозғалады. Экранды жайған (развертка); яғни қозғалтқан уақытта, бейненің пайда болу жерінде сәуле сол қарапайым люминофорды қапталған аймақтарға әсер етеді.
Сәуленің интенсивтілігі әр уақытта өзгеріп тұрады, сондықтан сәйкес экран аймақтарының да жарықтығы өзгереді. Жарық тез жойылатындықтан, электронды сәуле ардайым экран бетінде оны қалпына келтіруі керек.
Жарық уақыттылығы мен жиілігі бір-біріне келу керек.вертикалды жою жиілігі 70-80 Гц тең, яғни экран жарығы 70-85 рет секундына жаңартылады.
Жиіліктің төмендеуі бейненің өшіп-жануына әкеліп соқтырады, ал ол көзді шаршатады. Мониторлар белгіленген жаю жиілігіне, сонымен қатар кейбір диапазонда әр түрлі жиіліктерге ие. Жаюдың екі режимі болады: Interlaced (жоларалық) және Non Interlaced (жолдық) әдетте, Non Interlaced-ті жоюды қолданады. Сәуле экранды жоғарыдан төменге қарай қатар бойымен сканерлейді бейнені бір өткен кезінде қалыптастырады. Interlaced режимінде сәуле экранды жоғарыдан төменге қарай екі рет өткен кезде сканерлейді: алдымен тақ қатарлар сонымен жұп қатарлар.
Жолдық режиміндегі толық кадрды қалыптасу кезіндегі кеткен уақытқа қарағанда жоларалық жаю кезінде уақыт 2 есе аз кетеді. Сондықтан екі режимгеде жаңару уақыты бірдей.
Электронды сәулелі трубкасы бар мониторлар үшін экрандар дөңес және тегіс болады. Кейбір үлгілерде Trinitron технологиясы қолданылады. Бұл техналогияда экран горизанталь бойымен сәл қисықтау, вертикаль бойымен тегіс болады. Мұндай экранда әдетте бликтер аз және бейне сапасы жақсырақ болады.
Сұйық кристалдағы дискілер (Liquid Crystal Display - LCD)
Сұйық кристал негізіндегі дисплей бликсіз, тегіс экран және электор энергиясын тұтыну қуаттылығы төмен (5Вт, электронды-сәулелі трубкасы бар и монитор 100Вт тұтынады). Сұйық кристал негізіндегі диспейлердің 3 түрі болады:

Сұйық кристал негізіндегі диспрейлерде поляризациялы филтр, ол 2 түрлі жарық толқындарын құрады. Жарық толқыны сұйық кристалды қяшықтан өтеді. Әр ұяшық өз түсіне ие. Сұйық кристалдар молекулаларға ұқсас сұйық тәрізді ағып қозғалады. Бұл зат жарықты өткізеді, бірақ электор заряды әсерінен молекулалар өз бағытын өзгертеді.
Пассивті матрицасы бар кристал негізіндегі дисплейлерде ұяшық электр заряды (қуаты) басқарады, ол эран матрицасындағы қатар мен бағандар ұяшықтарының орналасу негізінде транзистірлі түрді қуатының импульсіне сезімтал.
Активті матрицасы бар сұйық кристал негізіндегі дисплейлерде әр ұяшықтың жеке транзистірлі кілті болады. Бұл бейненің жарық болуын қамтамасыз етеді (пассивті матрицасы бар дисплейлерге қарағанда, себебі әр ұяшықтың тұраұты электр қуаты әсерінен болады). Сәйкесінше, активті матрица электр қуатын көп қолданады. Бұдан басқа, жеке транзистірлі кілттің болуы өндірісті күрделендіреді, ол өз алдына олардың бағасын көтереді.
Монитордың негізгі параметрлері
Қолданушының көзқарасы бойынша монитордың негізі мінездемесіне оның диагональ бойынша өлшемі, шешуші қабілеттіліктер, регенерация жиілігі (жаңарту) және қорғау класы жатады.
Монитор өлшемі. Монитордың экраны диагональ бойынша дюймда өлшенеді. Оның өлшемі 9 дюймнан (23см) 42 дюйм (106см) арасында өзгеріп отырады. Ең кең тараған өлшемдер 14,15,17,19 және 21 дюйм.
Шешуші қабілеттілік. Гафикалық режимде бейненің жұмысы монитор экранына нүктелерден (пикселдер) құралады. Горизанталды және вертикалды орналасқан нүктелер саны шешуші қабілеттік деп аталады. «Шешуші қабілеттілік 800х600» сөзі монитордың әрқайсысынан 800 нүктесі бар 600 горизанталды қатарды шығара алады деген сөз.
Шешуші қабілеттіліктің стандартты режиміне: 800х600, 1024х768; 1152х864 және одан жоғары болады. Монитордың бұл қызыметі экран нүктесін (дән) өлшемімен анықталады. Экранның дән размері қазіргі мониторда 0.28 мм-ден аспайды.
Регенирацияның жиілігі. Бұл параметр басқаша кадрлы развертканың жиілігі деп аталады. Ол монитордың секундына экранды неше ретжаңартатынын көрсетеді. Регенирацияның жиілігі герцпен (Гц) өлшенеді.жиілігі көп болған сайын көз аз шаршайды және ұзақ уақыт жұмыс істеуге болады. Бүгінгі күні ең азы болып 75 Гц жиілігі болып саналады, орташасы-85 Гц, конфорттысы 100 Гц және одан көп. Бұл параметр бейнеадаптердіңміндетіне байланысты.
Мониторды қоғау класы стандартпен анықталады және қауіпсіздік техникасын талап ету көзқарас бойынша монитор жауап береді. Қазіргі жалпы қолданатын ТСО-92, ТСО-95 және ТСО-99 халықаралық стандарты болып табылады және адамның денсаулығына зиянсыз болатын электромагнитті сәуле деңгейін эргометриялық және экологиялық нормаларды шектейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет