Баөж дербес компьютерлердің пайда болуы. Алғашқы дк пайда болғанға дейінгі ет даму тарихының кезеңі. Компьютерлердің дамуының негізгі кезеңдері. Жоспар



бет7/17
Дата03.01.2023
өлшемі0,65 Mb.
#60289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Флэш-жадтың қасиеттері: информацияны табу уақыты – 60-80 нс, бір информациялық блокты өшіру уақыты (512б=6 НКб) = 5мс-1,4с, әрбір блокта тәуелсіз информацияны жазу - өшіру циклы 100000. Флэш-жад массивін жылдам көбейтуге болады, ол 32 Мбит жадпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Флэш микрожүйесі жүйелік платадағы 2,7; 3,3 және 5В кернеуде жұмыс істей алады. ЕEPROM және флэш микросхемаларын Intel, Texas, instruments, АМД фирмалары шығады. Информациялық есептеу техникаларының (ИВС) конфигурациялау жады аналық тақшадағы 6,3В аккумуляторда сақталады. Ол компьютер ток көзіне қосылғанда зарядталып тұрады. Бұл микросхема CMOS RAM деп аталады, оның жады CMOS кристалдың базасында жасалған. Схеманың толық аталуы RIC CMOS RAM, онда нақты уақытты қою сағаты сақталды. Бұл микросхема МС 146,818 – аналық тақшадағы контроллерлердің құрамына кіреді. RIC CMOS RAM –дағы бағдарламаның мазмұнын оқу үшін BIOS-тан Setup бағдарламасын қолданады. CMOS RAM микросхемасы істен шыққан болса, немесе аккумулятор разрядталып қалған жағдайда Setup бағдарламасы автоматты түрде CMOS BIOS таблицасындағы BIOS Setup default ralues мәнін қабылдайды. Setup бағдарламасына жүйені дұрыс қосқан кезде немесе қате кеткен кезде кіруге болады.

БАӨЖ 7. Мәліметтерді оптикалық құрылғыларда сақтау

  • Оптикалық технология.

  • CD-ROM дегеніміз не?

  • DVD жинақтағыштар.

  • Оптикалық тасымалдауыштардың форматы.

  • CD/DVD жинақтағыштарының типтері.

  • CD-ROM жазушы жинақтағышы.

  • Қайта жазылатын құрылғылар стандарты және DVD диск.

  • Оптикалық жинақтағыштардың мәселелерін шешу.

  • CD/DVD жинақтағыштары үшін драйверлер және программалық жабдықтары.



Оптикалық технология
CD -ROM жинақтауыш
Соңғы уақыттағы компьютерлердің негізгі конфигурациясына СD-ROM дискжетек енгізген болатын. СD-RОМ-ның {Compact Disk Read Only Memory) абервиатурасы компакт-дискілер негізіндегі тұрақты еске сақтаушы құрылғы деп аударылады. Осы құрылғының әрекетінің принципі диск бетінде орналасқан лазерлік сәулелер арқылы цифрлік мәліметтерді оку болып табылады. Ақпараттарды тасымалдаушы ретінде қарапайым компакт -дискіні қарастыруға болады. Компакт-дискідегі цифрлік жазу өте жоғарғы тығыздығы бар магниттік дискілерден ерекшелінеді, сол себептен стандартты CD 650-700 Мбайтты сыйдыра алады.
CD-дің диаметрі 120 мм және қалыңдьны 1.2 мм болатын мөлдір пластиктен жасалады (Сурет 1).


Сурет 1. Жинақтаушылардың құрылымы

Пластикалық бетке алюминий немесе алтын қабаты жағылады. Дискіге ақпаратты жазу жолдардың бетіне басып жазу аркылы жүзеге асырылады. Бұл ақпаратты екі ретті жазуға мүмкіндік туғызады. Тереңдету пит (рit), ал оның беті лэнд (land) деп аталады. Логикалық нөл пит ретінде немесе лэнд ретінде болуы мүмкін. Логикалық бірлік питтен лэндқа өту кезінде кодталады.
Компакт-дискінің ортасынан шетіне дейін спираль түріндегі бір жолдар болады. Диск беті 3 облысқа белінеді. Бастапқы (Lead-In) дискінің ортасында орналасады. Және бірінші оқылады. Онда диск мазмұны жазылады, барлық жазулардың адрестерінің кестесі, диск белгісі және т.б. көмекші ақпарат. Ортаңғы облыс дискідегі үлкен орын алатын негізгі ақпараттары бар. Соңғы облыс (Lead-Оut) дискінің соңғы белгісі болады.
CD-ROМ жинақтауышы дискіні айналдыратын электродвигателі болады; лазерлік сәулешашушы, оптикалық линза диск бетінен оқуға арналға датчиктер мен линзалардан құралған оптикалық жүйесі; әкелу механикасын басқаратын микропроцессорлардан құралады.
СD-RОМ-ның негізгі сипаттамалары: мәліметтерді тасымалдау жылдамдығы – 150 Кбайт/сек; компьютердің жедел жадысына мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының сипаттамалары: 2 жылдамдықты CD-RОМ (2х), 50 жылдамдықты (50х СD-RОМ); қолдану уақыты, яғни дискідегі ақпаратты іздестіру үшін миллисекундамен есептейді.
Бір ретті жазу СD-R және СD-RW құрылғылары болады.
СD-R(СD-Recordablе) жинақтауышы
Сырт жағынан ол СD-RОМ-ға ұқсас және дискілер көлемі мен жазу форматы жағынан бір-біріне тіркесуші болып келеді. Ол бір реттік жазуды орындауға мүмкіндік береді және оны бірнеше рет оқуға болады. Мәлі-меттерді жазу арнайы программалық жабдықтау көмегімен жүзеге асырылады. СD-R жинақтауышындағы жазу жылдамдығы 4х-52х-ті құрап отыр.
СD-RW(СD-ReWritable) жинақтауышы
Бұл көпмәтіндік мәліметтерді жазуға мүмкіндік береді және бұл жерде ақпараттарды бос кеңістікке жазып, сонымен қатар жаңа ақпараттарды толықтай қайта жазуға мүмкіндік бар (алдыңғы мәліметтер өшіріліп қалады). СD-RWжылдамдыгы 4х-52х, ал қайта жазу жылдамдығы - 24х.
DVD(Digital Video Disk) жинақтауышы
Бұл цифрлік жазуларды оку құрылғысы. Сырт жағынан DVD-диск кәдімгі СD-RОМ-ға (диаметрі - 120 см, қалыңдыга - 1.2 мм) ұқсайды. Бірақ оның ерекшелігі DVD-дискінің бір жағына 4.7 Гбайтқа дейін жететін мәліметтерді жазуға болады. Егер 2 қабатты жазу үрдісін қолдансаңыз, онда дискінің бір жағына 8.4 Гбайт ақпаратты жазуға болады. DVD-дискілері ақпараттарды қайта жазу мүмкіндігіне ие.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет