Бар балаларды жалпы


Нашар көретін балалар үшін сыныпта жағымды жағдай жасалуы керек



бет2/3
Дата06.01.2022
өлшемі4,79 Mb.
#14816
1   2   3
Байланысты:
Инклюзив слайд

Нашар көретін балалар үшін сыныпта жағымды жағдай жасалуы керек:

– нашар көруге сәйкес анық сызылған сызықтары бар дәптерлер, көмек көрсетудің оптикалық және техникалық құралдары:

- офтальмолог ұсынған көруді түзету тәсілдері (көзілдірік, линзалар, лупалар, телескопиялық көзілдірік);

- табиғи жарықты реттеуге арналған құралдар;

- оқу, жазу, сурет салу, суреттерді қарау кездерінде дұрыс отыруды қамтитын арнайы бір орындық парталар;

- оқушыларға арналған арнайы құрал-жабдықтар (Брайль жүйесі бойынша жазуға арналған құралдар, оқу машиналары, Брайль шрифті орнатылған жазу машиналары, рельефті сурет салуға арналған «Оқушы» құралы, оптикалық құралдар - лупалар, линзалар, телескопиялық құралдар);

- тифлотехникалық құралдар (жазуға арналған тифлоқұралдар, электрондық құралдар).

Есік қанық түсті болуы қажет, егер есіктер әйнектен болса, онда оның ашылатын бөлігі қанық түсті болуы керек.

Көру мүмкіндігі шектеулі бала үшін мектепке кіре берістегі текпешектің соңғы баспалдақтарын анық түстермен сырлау керек, міндетті түрде ұстағыштары болуы тиіс, олардың биіктігі үлкен сыныптар үшін 70-90 см, ал бастауыш сыныптар үшін 50 см

 Киім шешетін бөлмеде көру бұзылысы бар балалар үшін ұстағыш, орындықтар, киім ілгіштер ыңғайлы жасалған кеңістік жабдықталуы керек. Баланы бұл орынға бірнеше рет ертіп алып бару керек, ол сонда өз орнын есінде сақтап алады. 

Сыныпта баланың бір орындық партасы рельефті материалмен немесе еденнің беті кілеммен қапталуы керек.

Дәліздің периметрі бойынша ұстағыш жасалуы керек, бала оның көмегімен мектепте қозғалып, бағдарлана алуы тиіс. Әрбір бөлмеде еденнің қапталуы түрлі материалдардан болған жағдайда бала оңай қозғала алады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет