Мәдениет терминінің шығу тарихы



Дата14.03.2022
өлшемі16,56 Kb.
#27877
Байланысты:
мәдениет терминінің шығу тарихы


Мәдениет терминінің шығу тарихы

мәдениет деген не екенін атап кетсек.Адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең. 
Мәдениет тарихы 

Мәдениет ұғымы алғашқы пайда болған кезде ол адамның табиғатқа ықпал етуін анықтау үшін, яғни оның дүлей күштерін бағындырып, көздеген мақсатына жететіндігін білдіру үшін қолданылады. Әсіресе Мәдениет туралы түсініктің кең қолданылуы 19 ғ-да Мәдениет өрлеу дәуірінде тарихшылар мен этнографтардың еңбектерінде ерекше орын алды. Тіпті сол кезде «Мәдениеттану» деген пән де пайда болды. 

Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы.

Әр мемлекеттің,әр халықтың өзінің мәдениеті бар. мәдениет-сананың «жұмысына», рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру және рухани құндылықтарды іске асыру үшін оның белсенділігіне байланысты процесс, оның негізінде адамдардың қоршаған болмысы мен өзі туралы белгілі бір көзқарастары, идеялары, ілімдері қалыптасады және қоғамның рухани байлығы мен рухани мәдениетін құрайтын рухани құндылықтар құрылады.



Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.

Мәдениет ұғымы алғашқы пайда болған кезде ол адамның табиғатқа ықпал етуін анықтау үшін, яғни оның дүлей күштерін бағындырып, көздеген мақсатына жететіндігін білдіру үшін қолданылады.Әсіресе Мәдениет туралы түсініктің кең қолданылуы XIX ғ-да Мәдениет өрлеу дәуірінде тарихшылар мен этнографтардың еңбектерінде ерекше орын алды. Тіпті сол кезде «Мәдениет тарихы» деген пән де пайда болды. Мәдениет ұғымының қалыптасуына ежелгі Рим ойшылдары да өз үлесін қосты.(Цицерон). Ортағасырлық дәуір мәдениетінің негізгі құндылығы құдай еді. Қайта өрлеу дәуірінде мүлде жаңа таным қалыптасты. 1920 жылдан бастап 1950 жылға дейін ұғымның 157 анықтамасы шықты. Қазіргі кезде ғалымдардың пікірінше 500-дің үстінде мәдениеттің анықтамасы бар көрінеді.

Мәдениет – адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді. Ол қатынастың мәні монада, адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіреді, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналлодырады. Сөйтіп өз білімін , икемін, қабілетін дамыта отырып, өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет