Барлық жаттығулар көмекші құралға байланысты 10 блокқа бөлінеді


Байланыстырып сөйлеуін дамыту



бет3/7
Дата14.10.2023
өлшемі2,95 Mb.
#113831
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Метод.пособия 2

2. Байланыстырып сөйлеуін дамыту

Байланыстырып сөйлеу тілі – бұл сөйлеу әрекетінің ең күрделі түріне жатады. Байланыстырып сөйлеу тілі өзіне тән белгілермен, сонымен қатар жүйелілігімен, бірізділікпен баяндау ерекшеліктерімен сипатталады, яғни логикалық бірізді айтылған сөздерді игеріп, оның компоненттерін – сөйлемді, сөздерді бір – бірімен байланыстырып сөйлеу. Қазақстандық көптеген ғалымдар С. Рахметова, Қ. Бозжанова, Г. Уайсова, Р. Әміров, т.б. балалардың сөздік қорын молайту жұмыстарын тіл дамытудың негізгі бағыты ретінде қарастырады. С. Рахметова байланыстырып сөйлеуді дамыту жұмыстарын үш жақты жүргізсе ғана жемісті болады деген тұжырым айтады. Біріншісі – балалардың сөздік қорын молайту, екіншісі – балалардың меңгерген сөздерін қарастыра отырып, сөз тіркесі мен сөйлем құруға, үшіншісі – сөйлеуге үйрету жұмыстары.


Баланың сөздік қорын молайтудың негізгі мақсаты сайып келегенде, мәтінді ұғынуларын, үйренген сөздерінің мағынасын терең түсініп, мұғалімнің көмегінсіз қажетті жағдайда өзбеттерімен оны дұрыс қолдана алуын қамтамасыз ету, яғни сөздермен сөйлем құрастырып ауызша сөйлеу тілінде қолдану болып табылады.
Арнайы әдебиеттерде жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру мәселелерінің әртүрлі аспектілері қарастырылады.
Л.Ф. Ефименкова СТЖД мектепке дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуді дамытудың тәсілдерін жүйелеп үш кезеңге бөледі. Әр кезеңде сөз қорын молайту, сөйлем құрау, байланыстырып сөйлеуін дамытуға бағытталған жұмыс жүргізіледі. Автор алдымен мәтінді толық, сосын іріктеп, соңында шығармашылық элементін қосып айтуды ұсынады. Барлық жағдайда мәтінді талдау қажеттілігі айтылады.
В.П. Глухов әңгімелеу жүйесін келесі кезеңдер бойынша жүргізу керектігін көрсетеді:

  • көрнекілік бойынша;

  • мәтін бойынша;

  • сипаттау – әңгімелерін құрау;

  • шығармашылық элементтерін қосу арқылы әңгімелеу.

Т.А. Ткаченко қосымша құралдарды (көрнекілік, модель) қолдана отырып, біртіндеп күрделендіріп келесідегі кезектілікпен жұмыс жүргізуді ұсынады:

  • көрнекілік іс – әрекет бойынша;

  • көрсету іс – әрекет бойынша;

  • фланелеграфты пайдаланып әңгімені қайталап айту;

  • ілеспелі суреттер бойынша әңгімені айту;

  • ілеспелі сурет бойынша әңгіме құрау;

  • сюжетті сурет бойынша әңгімені қайталап айту;

  • сюжетті сурет бойынша әңгіме құрау.

Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту кешенді түзету – педагогикалық жұмыстың негізгі бағытына жатады. IV деңгейдегі балалардың байланыстырып сөйлеу жұмысының негізгі мазмұны:

  • түрі және қолдануы бойынша ұқсас заттарды салыстырыу

(орындық – кресло, кесе – стакан, алма – лимон, т.б.) заттарды (жануарларды) сипаттап – әңгімелеу;

  • ұқсас сөз тіркестерін, сөздерді табу (мысық – қасық, тарақ – қалақ). Шағын өлеңдермен жаңылтпаш жатқа айту (қағып – қағып қанатын, қаңқылайды қазымыз);

  • орындалған іс – әрекетті есте сақтап сөзбен айтып беру, логопед айтқан сөзді толықтыру (қыз ойнады – қыз қуыршағымен ойнады);

  • іс – әрекетке сын есім сөздерді табу, сөйлемді толықтыру;

  • затқа қатысты сын есімдерді табу. “Көбірек сөзді табыңдар” қызықты ойын түрінде жүргізуге болады,

Қыс қандай? – суық, аязды, боранды, қарлы; Қар – жауады, ериді, жылтырайды;
Жауын – жауады, сіркірейді, құяды, т.б.;

  • ілеспелі суреттер, логикалық құрылымдағы сюжетті суреттер бойынша шағын әңгімелер құрастыру. Қосымша эпизодтар қосу арқылы әңгімені кеңейту;

  • тірек сөздер бойынша сөйлем құрап әңгіменің мазмұнына қосу;

  • қызықты оқиғалар кемесе ертегілер элементтерін қосып сөйлем құрау;

  • жануарлар туралы сөйлем құрау. Үй жануарлардың төлдері қалай аталады? Өскенде олар қалай аталады (құлын – жылқы, бұзау - сиыр). Қандай пайдасы бар? (сиыр сүт береді, жылқы жүк тасиды, көлік боладың т.б.);

  • себеп – салдарды анықтау. Сөйлем құрау, оларды әңгімеге қосу (доп ойнап жүрген бала, сынған терезе);

  • логопедтің бастауы немесе аяқтауы бойынша әңгіме ойластыру, айту (Жаңбыр жауып тұр. Бала далаға шықты .... Бала тамағын байлап жатыр);

  • қиалдау элементтерін қосып сөйлем құрау. “Қиалшылдар” ойыны (Бақтағы ағашта алтын алма өсіп тұр, т.б.);

  • сурет бойынша, сұрақ бойынша сөйлемдерді кеңейту арқылы оқиғаларды қосу арқылы әңгіме, ертегі, мәтін құрастыру;

  • ілеспелі, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастыру;

  • тақпақтар жаттау.

Көптеген зерттеушілер (Р. Е. Левина, Н.Б. Филичева, К.В. Комаров, т.б.) СТЖД балалардың байланыстырып сөйлеуінің ерекшеліктерін атай отырып, алдымен оны қалыптастуының алғышарттарын дамыту жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын айтады.
Монологты байланыстырып сөйлеуді меңгеруге психологиалық алғышарт құру:

  • қоршаған орта жайлы білімі мен түсінігін кеңейту;

  • көрнекілік – бейнелік құралдар көмегімен бейнеленген жағдайлардың себеп – салдар қатынасын анықтау;

  • зейінін, есте сақтау және жұмыс жасау қабілетін дамыту;

  • күрделі сөйлемнің бөлімдерінің арасындағы себеп – салдар байланысын анықтау дағдысын қалыптастыру;

  • ауызша мазмұндауды бағалау дағдысын қалыптастыру:

көрнекі құралдары (сюжеттік сурет, балаларға арналған қызықты

суреттер, карта – схема, т.б.) тиімді қолдана отырып әңгіменің мағыналық жағын көру арқылы үлгілеу;

  • әңгімені бөліктерге бөлу, яғни әңгіменің басын, ортасын, соңын, ажырата білуге үйрету.

Монологты байланыстырып сөйлеу тілін меңгерудің лингвистикалық алғышарттары:

  • сөздің қорын байыту;

  • сөздерді мағыналық жағынан байланытыру дағдысын қалыптастыру;

  • тексттің лексикалық құрылымын, олардың мағынасын және ауызша сөйлеу кезінде оларды дұрыс қолдану дағдысын қалыптастыру;

  • сөйлем құруға үйрету (біріңғай мүшелерді қолданып жай сөйлем және сабақтас және салалас құрмалас сөйлемдер);

  • сөйлеу тіліне қол жетімді грамматикалық құрылымды қосу.

Баланың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту жүмысы әртүрлі құрылымды сөйлемдерді құрау дағдысын қалыптастырудан басталады: А.Н. Гвоздевтің айтуынша “сөйлем – баланың сөйлеу тілнің дамуында үлкен рөл
атқарады. Ана тілін меңгеру түрлі сөйлемдерді меңгерумен сипатталады.” Сөйлем құрау дағдыларын дамыту жаттығулары мен тапсырмалар:

  • Екі сурет бойынша (бала алма, қыз кітап) құру, сөйлемді сөздің тұрлаусыз мүшелерімен толықтырып кеңейту. (Бала алма жеп отыр. Бала тәтті, қызыл алма жеп отыр. Қызыл көйлек киген бала тәтті, дәмді алма жеп отыр).

  • Ретсіз берілген сөздерден сөйлем құрау (барды, балалар, саяхатқа, тауға; бала, тау, саяхат, бару).

  • Сөйлемдегі жетіспеген сөзді табу (Балалар көлде ... жүр).

  • Сөйлемді аяқтау (Балалар көлде ).

  • “Жанды суреттер” бойынша сөйлем құру (Фланелеграфта әртүрлі суреттер, іс – әрекеттерді көрсету бойынша).

  • Мағынасы бойынша сөйлемдерді дұрыс реттеп құру (Әжем қағаз пышақпен нан кесті, үйткені атам қолшатыр алды).

  • Берілген сөздермен сөйлем құрау (Бала, мұғалім, оқиды, жазады, жуынды, т.б.).

  • Әртүрлі ойын түрлерін сюжетті суреттер бойынша сұрақ қою арқылы шағын әңгіме құрастыруға дағдыландыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет