Барлық жаттығулар көмекші құралға байланысты 10 блокқа бөлінеді



бет2/7
Дата14.10.2023
өлшемі2,95 Mb.
#113831
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Метод.пособия 2

Негізгі бөлім

  1. Зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері

Зиятының ауытқуы бар балалардың сөйлеу тілі бұзылыстары жүйелік сипатқа ие. Ондай балалардың сөйлеу тіл әрекетінің барлық операциялары әр деңгейде қалыптаспаған болып келеді: мотивациясының әлсіздігі, сөз арқылы қатынас жасау қажеттілігі төмен, сөйлеу бағдарламасын іске асыруының бұзылыстары байқалады. Бұл мәселелерді зерттеген ғалымдардың нәтижелеріне сүйенсек, көмекші мектептің бастауыш сыныптарында аса күрделі кемістіктер балалардың 40-60%-да байқалады. Ақыл ойы кем оқушылардың сөйлеу тіл ерекшеліктерін талдай келе, В. Г. Петрова сөйлеу тілі кемістігіне әкеп соғатын көптеген факторларды, оның ішінде негізгісі – таным әрекетінің дамымауын атады.
Бұл балалардың қоршаған орта туралы түсініктері шектелеген, вербальді қатынастардың әлсіздігі, қызығушылығы жетілмеген, оның салдарынан осы категориядағы балалардың сөйлеу тіл дамуы аномальді және баяу болады.
Зиятының ауытқуы бар балалардың сөйлеу тілі бұзылыстары белгілері, механизмі бойынша әр түрлі болып келеді де тұрақтылығымен ерекшеленеді, түзетуі қиындатылған және талдауда дифференциалды көзқарасты талап етеді.
С. Я. Рубинштейіннің пікірі бойынша, зиятының бұзылыстары бар балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарының негізгі себептері – бас ми қабығының тұйықтауыш функциясының әлсіздігі, барлық анализаторлардағы жаңа дифференциалды байланыстардың баяу дамуы.
Зиятының бұзылыстары бар балалардың сөйлеу тілінің дыбыс айту ақаулықтары жиі таралған. Сөйлеу тілінің фонетикалық жағынын бұзылыстарының негізінде төмендегідей себептер жатыр: танымдық әрекетінің жетілмеуі, сөйлеу-есту дифференциясының қалыптаспауы, жалпы және сөйлеу тіл моторикасының әлсіздігі

.
Сөйлеу тілінің дыбыстық жағының кемістіктеріне әсер ететін факторлардың ішінде – сөйлеу тілі кеш дамып бастағаны жатыр. Тіл шыққанға дейінгі вокализация кезеңдегі кешеуілдеу байқалады. Егер қалыпты жағдайда шыққан былдыр баланың 5-6 айында пайда болса, көп балаларда 12 айда, немесе одан да кеш пайда болады. Алғашқы сөздері айтарлықтай кешеуілдеп шығады (2,5 жаста, кейде одан да кеш), фразалық сөйлеу тілі де кеш пайда болады.


Көмекші мектептің бастауыш сынып оқушыларының дыбыс айту бұзылыстарының ауыр түрлерінің жиі кездесетін себептерінің бірі – артикуляциялық моториканың бұзылуы (Н. А. Шарапановская, 1986). Артикуляциялық моторикамен қол саусақтарының ұсақ дифференциалді моторикасының бұзылыстары арасында коррекциялық байланыс белгіленген.
Балалардың сөйлеу тілінің дыбыстау жағы бұзылыстарының фонологиялық белгілері көбірек, ал дыбыстық талдау және жинақтау дағдыларының қалыптасуымен байланысты. Қазақстандық зерттеуші Қ.Қ.Өмірбекованың мәліметтері бойынша зияты зақымдалған қазақ тілді оқушылардың арасындағы фонетикалық ақаулардың таралуы 1-ші сыныпта -64%, 2-ші сыныпта-33,3%, 3-ші сыныпта -31,7%, 4-ші сыныпта -22,2% құрайды.
Бұзылыстар дыбыстардың барлық фонетикалық топтарында кездеседі, бірақ жиі кездесетіні ысқырық (33-34 %), ызың (31-32%) дыбыстар топтарының бұзылыстары (себебі, оларды акустикалық ұқсастығы біріктіреді), артикуляциялық жағынан күрделі дыбыстар («Р», «Л») (23 %) бұзылады. Таңдай дыбыстарының бұзылуы сирек кездеседі.
Балалар ысқырық дыбыстарды алмастырады, ал сонор дыбыстары мүлдем жоқ немесе бұрмаланып алмастырылады.
Қазақ тіліне тән дыбыстырдың бұзылуы туралы автордың зерттеулері бойынша мынаны байқадық: а, ө, ү, ұ, ң, ғ, қ дыбыстарының айтылуы бұзылады. ү, ұ-дыбыстарының орнына – у; ө -дыбысының орнына -о айтылады.
Интеллектісі зақымдалған балалардың дыбыс айту ерекшеліктері болып дыбыстар бұзылысының вариативтілігі табылады.
Бір дыбыс кейде дұрыс айтылғанымен, сөздердің дыбыстық-буындық құрамына қарай кейде қате айтылады.
Интеллектісі бұзылған балаларда дыбыс айту кемістіктері, әсіресе дыбыстарды алмастыруы, зияты қалыпты балаларға қарағанда, жазуында көрініс алады.
Сөйлеу тілінің фонетикалық жағының бұзылыстары симптоматикасы бойынша да, патогенез, себебі күрделілігі бойынша полиморфты болып келеді. Бір балада бір уақытта сөйлеу тілі моторикасының жетілмеуімен қатар дыбыстарды естіп ажырату бұзылыстарыда кездесуі мүмкін. Дыбыс айту бұзылыстары симптоматикалық тұрақтылығымен де сипатталады.
Аталмыш категориядағы балалардың сөйлеу тілі фонетикалық жағының бұзылыстарын түзету зияты қалыптыға қарағанда өте күрделі процесс және ұзаққа созылады.
Дыбыс айту бұзылыстарын түзету жұмысында ең күрделісі машықтандыру кезеңі. Өзіндік сөйлеуінде дұрыс артикуляциялық қалыптарды қолдануға баланы үйрету қиын, оны бұл балалардың жүйке процестері инерттелгенімен жаңа байланыстарды құру күрделілігімен, ауысудың әлсіздігімен өзіндік сөйлеуін қадағалаудың төмендігімен түсіндіруге болады.
Дыбыс айту бұзылыстарын түзетуді балалардың танымдық әрекетін дамытумен, анамнез, сөзсіз, салыстыру операцияларын қалыптастырумен байланыстыру керек. Ерекше назар жолын және сөйлеу тілі моторикасын, естуін қабылдау, зейінді, есте сақтауын дамытуға, яғни сөйлеу тіл дыбыс айту жағының бұзылысы негізінде жатқан барлық факторларды қалыпқа келтіруге бөлінуі керек.
Интеллектісі бұзылған балалардың сөз қоры сапалық жағынан сандық жағынан да жетілмген – сөз қорының аздығы, сөздерді нақты қолданбай, белсенді сөз қорынан гөрі енжар сөз қоры көп, сөздікті нақтылауындағы қиындықтар, сөз мағынасы құрылымының қалыптаспауы байқалады.
Сөйлеу тілінің лексикалық жағының жетілмеу себептері интеллектуалды дамудың төмен деңгейімен, қоршаған өмір туралы түсініктерімен білімдерінің шектелгендігімен, қызығушылықтарының аздығымен, сөз арқылы және әлеуметтік қатынастарға түсу қажеттілігінің төмендігі, вербальді есте сақтауының әлсіздігімен байланысты болып келеді.
Балалар заттардың көбінің атауларын білмейді, заттардың жеке бөліктерін атауда қиналады. Сөз қорында нақты мәнді зат есімдер көп. Балалар жалпыма, абстрактылы мағынадағы сөздерді қолданады. Синонимиялық мәндерді қолдана алмайды.
Балалардың сөйлеу тілінде семантикалық ұқсастық бойынша сөздерді алмастыру жиі кездеседі. Ұқсас сөздерді, түрлі сөздерді шатастыру белгілері бар. Балалар заттардың айырмашылықтарын меңгере алмайды, ал атауларын ажырата алмайды.
Екіншілік орында қолдану жиілігі бойынша етістіктер тұрады. Белсенді сөз қорында қимыл-қозғалыстардың тәсілдерін белгілейтін етістіктер жоқ.
Сын есімдерді қолдануда балалар қиындыққа кездеседі. Заттардың түсі, мөлшері, дәмін белгілемейтін сөздердің бірең-сараң ғана қолданады. Белсенді сөз қорында балалар, негізінен әмбебап ауыстырулары пайдаланылады: жаман, жақсы, үлкен, кішкентай. Адамның ішкі тұлғалық қасиеттерін белгілейтін бағалау сипатындағы сын есімдерді сирек қолданылады. Енжар сөз қоры белсендіге қарағанда көбірек, бірақ оның өзектіленуі үлкен қиындыққа ұшырайды; бір сөзді қайталау үшін балалар көмекші сұрақтарды қажет етеді. Сөздің мағысының құрылымы қалыптасуы және сапалы ерекшеліктері баяулаған «сөз нақты белгілеуі болғпндп» көп уақытқа дейін «сөздің затпн сәйкестенуі» көбірек болады. Көп сөздер сол беті түсінік болмай кетуі де мүмкін.
Байланыстырып сөйлеуі өте баяу дамиды. Ұзақ уақытқа дейін ситуативті және сұрақ-жауап кезеңінде ғана болады. Өзбетімен баяндауға көшу қиын әрі көп жағдайларда жоғары сыныптарға дейін созылуы мүмкін. Балалар үнемі айтқандарын қошеметтеп отырғанды, сұрақ, айту сияқты көмектерді қажет етеді, Ерекше қиындықтағы - сөйлеу тілінің контекстті түрі. Интеллектісі бұзылған балаларға ең жеңілі – ситуативті сөйлеу тілі, яғни көрнекілікке, нақты жағдайға (ситуацияға) сүйеніп сөйлеуі.
Балалардың байланыстырып сөйлеуі фрагментарлы, ондағы логикалық кезектілік, жеке бөлшектер арасындағы байланыс бұзылған. Балалар сюжеттің негізгі мәнін білдіретін қажетті бөлшектерін жиі тастап кетеді, олар көбінесе мәтінде жоқ және кез келген ассоциациялар негізінде бөлшектерді, жағдайларды қосып сипаттайды.
Байланыстырылған мәтіні бір тұтас емес және қысқа, тар, баяндағанда анық емес. Байланыстырып сөйлеуіндегі баяндау жеңілдетілген, себепті-салды, уақытты, кеңістіктегі қатынастарды түсінбейді. Байланыстырып сөйлеу тілінің жетілмеу себептері сөйлеу белсенділігі, вербальді есте сақтау, тез шаршағыштық, мотивацияның төмен деңгейі сөз қорының аздығымен сипатталады.
Сөйлеу тілінің грамматикалық жағын және байланыстырып сөйлеуін дамытуға арналған жұмыстар
Көмекші мектепте сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын қалыптастыру жұмысында онтогенетикалық қағида үлкен рөл атқарады. Логопедиялық жұмыстың кезектілігі қалыпты онтогенездегідей жүргізіледі.
Септік формалар бойынша логопедиялық жұмыстың кезектілігі мынандай:
- атау септіктің жекеше және көпше түрін ажырату;
- басқа септіктердің жекеше формалары;
- септіктердің көпше түрлері.
Сөзөзгерту функциясын ең алдымен осы шақта (жекеше және көпше түрлері), кейін өткен шақта, ең соңында келер шақта дамыту. Зияты бұзылған балаларда сөзжасам формасын қалыптастыру жұмысы ең күрделі болып табылады. Жұрнақтарды қосып сөзжасауға үйрету қажет.
Сөйлемнің құрылымын қалыптастыруда ерекше назар ішкі ойының терең-семантикалық (предикативті) қатынастарына аударылады.
Сөйлем бойынша жұмыстың кезектілігі мынандай болуы мүмкін: жай сөйлемдер, жайылма сөйлемдер, күрделі сөйлемдер.
Байланыстырып сөйлеуін дамыту бойынша жұмыс диалогтық және ситуативті (жағдайға сай) сөйлеу тілі материалында, кейіннен контекстті, монологтық материалда жүргізіледі. Жұмыстың қысқа мәтінді суретке сүйеніп айту, үлкен мәтінді көрнекілікке сүйеніп әңгімелеп айту, ілеспелі суреттер бойынша қысқа әңгіме айту, ілеспелі суреттер бойынша үлкен әңгіме айту, сюжетті сурет бойынша әңгімелеу, берілген тақырыпқа сай өз бетімен әңгіме құрастыру сияқты кезектілігі тиімді.
Байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру, талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, әсіресе ішкі бағдарламалау операцияларын талдаумен тығыз байланысты болу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет