Барлығы – 5 сағат Курсы – Семестр



бет10/19
Дата13.06.2023
өлшемі251,5 Kb.
#101028
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
МР УПП 3к каз

0.5

3



Инфекцияланған жарақатты өңдеу



4.0




Науқасты таңу бөлмесіне алып келеді, астына іріңнің ағып кету мүмкіндігін ескере отырып клеенка төсейді. Іріңнің және шайынды судың столға тамып кетпеуі үшін жараның астына бүйрек тәрізді шылапшынды қояды немесе лигнин не стерильденген мақтаның бірнеше қабатын төсейді.

0.5

Таңғышты алып, жараның айналасындағы терні тазалаға соң, жараның үстіне бірнеше құрғақ дәке шариктерді бірінен кейін бірін басып сүртеді. Қолданылған шариктерді шылапшынға тастайды

0.5

Жараны сутектің асқын тотығына батырылған бірнеше шариктердің көмегімен тазалайды. Сосын құрғақ шариктермен жараның бетінде пайда болған көпіршіктерді сүртеді.

0.5

Фурацилин ерітіндісіне батырылған шариктерді қолдана отырып жоғарыда аталған әрекетті қайталайды. Жараны стерильденген мақталы шариктермен сүртіп, кептіреді.

0.5

Қажет болған жағдайда дәке турунданы дайындайды. Ұындығы 20-30 см турунданың бір шетін корнцангпен алып, пинцеттің көмегімен аспаптың ернеуін айналдыра орайды. 10%-дық натрий хлоридінің ерітіндісі бар банкаға салып, ерітінді сіңірілген соң алады.

0.5

Гипертониялық ерітіндіге батырылған турунданың үстіне осы ерітіндіге батырылған бірнеше салфетканы қояды немесе суда еритін негізгі жақпамайды (левосин, левомеколь, сорбилекс) жағады.

0.5

Мардымсыз ірің бөліндісі болса және түйіршіктер пайда болса тітіркендіргіш әсері жоқ жақпамайларды қолданады: Вишневский жақпамайы, винилин (Шостаковский бальзамы), шырғанақ майы, каланхое, метилурацил жақпамайы, солкосерил-гель, синтомицинді эмульсия, т.б.

0.5

Емшара барысында науқасқа сұрақ қоюға мүмкіндік бере отырып жағымды, ілтипатты үнмен өз әрекетін түсіндіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет