Барсакелмес қорығы Атауы мен құрылған жылы



Pdf көрінісі
Дата12.05.2023
өлшемі0,67 Mb.
#92390


Дайындаған :
Ес мбек Сағындық
Топ : 1511-12
Қабылдаған :
Исакова.Ж 
Барсакелмес
қорығы


Атауы мен құрылған
жылы,
 Құрылу мақсаты,
 географиялық
орналасуы
 Қызыл кітапка енген
жануарлары мен
есімдіктер.
Жоспар:


Қорық Қызылорда облысы, Арал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 180
шақырым жерде орналасқан. 1939 жылы 10 желтоқсанда құрылған
қорықтың аумағы 37 гектардан асады. Бұрын Барсакелмес арал болған,
бірақ Арал теңізі құрғаған соң, шатқалға айналған.
Оның атауына байланысты ел аузында әртүрлі аңыздар жүр, олардың
бірінде: ертеде бірнеше қазақ тайпасы осы аумақты паналауға шешім
қабылдаған. Қыс бойы осында өмір сүрген адамдар жабайы
жануарлардың етін жеп, еріген қар суын ішу арқылы күнің көрген.
Алайда жаз мезгіліндегі қатты құрғақшылықтың кесірінен, жергілікті
тұрғындар сусыз және тамақсыз қалып, қырылып қалған. Олардың
ешқайсысы қайта оралмағандықтан, халық бұл аралды «Барсакелмес»
деп атап кеткен. 


Максаты: жануарлардын кейбір турлерін
сактау жане олардын езін коршаран
табитатка бейімделуін зерттеп, саны
азайып бара жатан ак бекен мен каракурыкты
кортау болды


Теңіз құрғаған соң ол
төңіректегі географиялық
обьектілердің атаулары
өзгеріске ұшырады. Арал
теңізінің табаны Аралқұм шөлі
боп атала бастады. 1990
жылдары Барсакелмес аралы
Барсакелмес түбегі деп аталды
да, 2009 жылдан бастап
«түбек» статусын да жоғалтты,
теңіздің орнындағы төбешікке
айналды, қазір экс-арал
ретінде айтылады. 
 
 
 
 
Түбек ендік бағытта созылып
жатыр. Жер қыртысы неоген
шөгінділерінің сазды тақтатас
және мергель тау
жыныстарынан тұрады. Оның
бетін төрттік кезеңнің
шөгінділері жапқан. Жер
бедері дөңесті-белесті болып
келеді. Абсолюттік биіктігі
(Шағалалы төбесі) 113 м.
Құмды жерлерінде шағылдар
мен құм төбешіктер бар.
Барсакелместің батыс
бөлігінің жағалауы жартасты,
жарқабақты, шығысы жазық,
жайпақ келген.
 


Климаты тым континенттік, шөлдік. Қысы суық, жазы ыстық.
Қаңтардың орташа температурасы –10°С, кейбір күндері –35°С-қ
дейін төмендейді. Шілдедегі орташа температура 26,5°С, кейде
40°С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 1
– 120 мм. Жер асты суы ащы. Топырағы сұр, сортаң және құмдақ
Өсімдіктен сексеуіл, бұйырғын, теріскен, жусанның бірнеше түр
адыраспан және әр түрлі сораң шөптер кең тараған.


Барсакелмес мемлекеттік
табиғи қорығындағы
сексеуілді орман алқабы
41,5 мың гектар жерге
созылып жатыр. Осы табиғи
ортаны 25 сүтқоректі
жайласа, солардың біреуі
дүниежүзілік "Қызыл
кітапқа" енген, келесісі
Қазақстанның сондай
кітабы парақтарынан орын
алған. Олардың біріншісі -
құлан да, екіншісі
қарақұйрық. Сонымен
қатар мұнда өсімдіктің 354
түрі өссе, оның 14-і эндемик.
Құстардың 178 түрі мекен
етсе, бұлардың 26 түрі
Қазақстанның "Қызыл
кітабына" жазылған. Бұдан
басқа, 12 бауырымен
жорғалаушы мен 2
қосмекенді тіршілік етеді.
Бұл жерде сирек кездесетін
улы қалқантұмсық жылан
да бар.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет