Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми



бет15/50
Дата25.11.2023
өлшемі1,69 Mb.
#125860
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50
Ортаңғы ми физиологиясы
Ортаңғы ми варолий көпірі және сопақша мимен бірге бағанының негізін құрады. Оның сырт жағында ми қақпағы іш жағында ми аяқшалары орналасқан. Ми қақпағына төрт төмпешік жатады. Ортаңғы мидың сұр заты құрамына төрт төмпешік, қара зат, қызыл ядро, ІІІ және IV жұп ми жүйкелерінің ядролары мен торлы құрылым кіреді.
Ақ заты өткізгіш қызмет атқарады. Ортаңғы ми арқылы жоғары қарай көру төмпешігіне (таламусқа), мишыққа баратын жолдар, ал ми қыртысынан, жолақ денеден, гипоталамустан төмен қарай бағытталған ортаңғы миға, сопақша миға, жұлынға баратын жолдар өтеді. Су өткізгіштің қабырғасында 3, 4 жұп жүйкелердің ядролары орналасқан. 3 жұп ядроларға жақын парасимпатикалық ядро Якубовича жатады. ІІІ, IV жұп ядролары көз алмасының қимылын реттейді және олардың құрамында орталыққа тебетін сезімтал талшықтары бар.
Ядро Якубовичтан басталған талшықтар көздің қарашығын тарылтатын етті жиыратын эфферентік жүйке. Төрт төмпешіктің алдыңғы екеуі көру рецепторларының тітіркенуіне байланысты қимылдарды жүзеге асыратын орталық. Бұл орталыққа серпіністер көру жүйесінің (ІІ жұп жүйке) бұтақтары арқылы жетеді. Сондықтан көздің торлы қабатынан келіп түсетін серпіністер алдыңғы (2) төмпешіктен шығып көз алмасын қозғайтын жүйкенің ядросына ортаңғы мида орналасқан басқа да қимыл реттеуші ядроларға оп-оңай жетеді. Осы байланыстардың арқасында көздің, бастың, дененің жарық түскен жаққа қарай бұрылады, көз қарашығының тарылуы және аккомодация рефлекстері пайда болады. Артқы төмпешіктердің естуге қатысы бар, олардың қатысуымен әуелі есту соған қарай жөн табу рефлекстері орындалады, яғни құлақ, бас, қатты дыбыс шыққан жаққа қарай бұрылады. Бұл рефлекстер ми сыңарыны алып тастасада жойылмайды.
Қызыл ядро орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен және ми қыртысымен тығыз байланысқан. Бұл ядро қаңқа еттерінің тонусын реттейтін қозғалыс орталық. Егер мысықтың ми бағанын көлденең қызыл ядродан жоғарырақ жерден тіліп жіберсе, оның жүріс-тұрысында айтарлықтай өзгерістер тумайды. Ал мидың қызыл ядродан төменірек жерден кессе мысықта децеребрациялық мелшию (қатып қалу-ригидность) белгілері пайда болады: барлық қаңқа еттері әсіресе жазылу еттері ширығып қатаяды. Осыған орай мысықтың басы қақшиып шалқаяды, омыртқа жотасы созылып, сирақ буындары жазылып, тікірейе сіресіп қатаяды, құйрығы тік көтеріледі. Қақшиған сирағын күшпен бүгуге болады, бірақ қоя берсе қайтадан қақайып қалшиып қалады.
Қара зат. Мұның қызметтік маңызы осы күнге дейін толық анықталмаған. Дегенмен де оның қыртыс және қыртыс астындағы ядролар, торлы құрылыммен бірге қаңқа әсіресе саусақтардың нәзік және нақты қимылдарын қамтамасыз ететін еттердің тонусын реттейтіні анықталды. Сонымен қатар қара затты электр тоғымен тітіркендірсе шайнау, жұту еттері жиырылады. Сондықтан мұнда шайнау мен жұту процестерін үйлестіретін орталық бар деген де пікір бар. Бұл құрылымның жолақты денемен байланысы бұзылса Паркинсон ауруы пайда болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет