Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми


Ми қыртысындағы кейбір аймақтарының орналасу тәртібі



бет18/50
Дата25.11.2023
өлшемі1,69 Mb.
#125860
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50
Ми қыртысындағы кейбір аймақтарының орналасу тәртібі


Қозғалтқыш талдама төбе бөлігінің алдыңғы орталық қатпарда орналасады. Бұл алаңға буындардан, қаңқа бұлшық еттерден, сіңірлерден келетін қозуды қабылдайды.
Тері талдамасының жылылықты, суықты, ауырғанды және денеге тиген әсерді сезу орталығы ми қыртысының төбе бөлігінің артқы орталық аймақта орналасады. Қозғалтқыш және тері талдамаларының ми қыртысындағы орталық аймақтары белгілі тәртіппен орналасады. Мысалы: осы қатпарлардың ең жоғарғы бөліміне-аяқтардан, одан төмен-тұлғадан, одан да төмен-қолдардан, ең төменінде-тіл, көмей, жұтқыншақ және беттерден келген қозулар қабылданады.
Көру талдамаларының орталығы шүйде бөлігінде, есту талдамаларының аймағы-самай бөлігінің жоғарғы қатпарында орналасады.
Сөз сөйлеу орталықтары қозғалтқыш талдаманың алдында орналасқан. Көріп, оқып, сөйлеу немесе дауыстап оқу орталықтары есту мен көру аймағының қасында, ал жазу көріп, іштен оқу орталығы- төбенің қатпарының бұрышындағы алаңда жатады. Бұл бөлімдері бұзылса, әріпті қосып оқып, сөз және сөйлем шығара алмайды.
Дәм сезу және иіс сезу маңдай бөлігінің төменгі бетінде орналасады.
Есту алаңы. Самайдың жоғарғы қатпарының артқы бөлімінде орналасқан есту алаңында сөз және дыбыстарды естіп түсіну орталығы болады. Бұл алаң бұзылса, адам сөзді түсінбей қалады. Жоғарда айтылған мәліметтерге қарағанда адамның әрбір әрекетін басқаратын жасушалар ми қыртысының тек бір бөлігінде ғана шоғырланады деуге болмайды. Өйткені, оқу, жазу және т.б. әрекеттері қабылдайтын жасушалар ми қыртысының басқа да аймақтарында азды-көпті кездеседі. Мәселен, соқырлардың оқу орталығын және екі қолы жоқ адамдардың аяқтарымен хат жазу орталығын айтуға болады. Бұл ми қыртысының микроскоптық құрылысы қызметінің шоғырлануы бойынша жасалған картаны түрлі ауруларды дұрыс емдеу үшін пайдаланылады және т.б. көптеген практикалық маңызы зор. Оны дәрігерлер ауру түрімен байланыстыра білуі керек.
Ми сыңарларының ішін ақ құрылым- ми қыртысының нейрондардың талшықтары және ми қыртысы мен мидың басқа бөлімдерін, жұлынды байланыстыратын талшықтар толтырады. Бұлар атқаратын қызметіне байланысты ассоциативтік, комиссуральдық, проекциялық болып үш топқа бөлінеді:
1) ассоциативтік қысқа талшықтар жарты шарды бір бірінің нейрондарын бір-бірімен , ал ұзын талшықтар әр түрлі бөлімінің нейрондарын жалғастырады.
2) комиссуральдық талшықтар сүйелді дене арқылы өтіп екі жарты шарды әсіресе олардың аттас бөлімдерін бір-бірімен қосады.
3) проекциялық талшықтар ми қыртысы мен мидың төменгі бөлімдерін, жұлынды эфференттік және афференттік жүйкелер арқылы байланыстырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет