Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми



бет16/50
Дата25.11.2023
өлшемі1,69 Mb.
#125860
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50
Аралық ми физиологиясы.
Аралық миға көру төмпешігі (таламус), төмпешікасты (гипоталамус) төмпешікүсті (эпиталамус), төмпешікартқы (метаталамус) құрылымдары жатады. Аталған құрылымдар ІІІ ми қарыншасын жан-жағынан қоршап, оның қабырғасын құрайды. Сондықтан бұл құрылымдар қызметіне, әсіресе гипоталамусқа қарыншаны толдырған сұйықтық, қанда еріген заттар, гормондар әсер ете алады.
Эпиталамус күмбез денесінің сүйелді денеасты жасушалар мен ішкі сөлініс безі-эпифизден тұрады. Эпифиздің жасушалары бөліп шығаратын гормоны организмнің барлық зат алмасу процестерді реттейді. Сонымен қатар эпифизді организмнің биологиялық сағаты деп саналады. Себебі күн мен түннің ауысуын реттейді.
Таламус 40 шақты ядродан тұрады. Бұлар функциялық маңызына қарай арнамалы, бейарнамалы, ассоциативтік, қозғалтқыш деп бөлінеді. Таламуста дененің барлық сезімі түйіседе, сол себептен таламусты қыртысасты сезім жүйке орталығы деп санайды.
Арнамалы ядроларына жұлынның өрлеме жүйке талшықтары арқылы дене рецепторларынан келетін түрлі сезімдік ақпараттармен бірге көзден, құлақтан шығатын сезім серпіністері жиылып, одан әрі ядролардың талшықтары арқылы ми қыртысына жеткізіледі. Бұл ядролар бұзылса, рецепторлардан келетін әсерлер сезілмейді. Таламустың арнамалы нейрондары сезімдік хабарды ми қыртысына жеткізіп қоймай, оларды талдап құрамыстайды.
Метаталамустың латериальды иілмелі дене көру сезімі жүйесінің, ал медиальды иілмелі дене есту жүйесінің арнамалы ядролары.
Ассоциативті ядроларға түрлі серпіністер келіп түседі. Бұлар жоғары анализдік, синтездік процестеріне, ми қыртысының интегративтік қызметіне қатысады. Бейарнамалы ядролар ми қыртысына тұтас активті әсер етеді, оның қозғыштық қасиетін, ырғақты белсенділігін реттейді. Бұл ядролардан ми қыртысына барған серпіністер қыртыс жауабын күшейтеді.
Қозғалтқыш ядроларға мишықтан және қыртысасты ядролардан серпіністер келіп түседі және ми қыртысының қозғалтқыш зонасына проекциялық серпіністер жеткізеді. Сондықтан бұл ядролар қимылды реттейтін жүйе қатарына кіреді.
Гипоталамус көру төмпешігі астында орналасқан көп ядролы (32 жұп) құрылым. Гипоталамус ми сыңарлары қыртысы, лимбиялық қыртыс, торлы құрылыммен, сопақша мидың парасимпатикалық және симпатикалық ядролармен, жұлынның бүйір мүйізіндегі вегетативтік ядролармен қатар таламус, гипофизбен эфференттік байланыста. Мұнымен бірге оған базальдық ядролардан, мишықтан афференттік жүйкелер, ішкі ағзалардан кезеген жүйке арқылы хабарлар келіп тұрады. Гипоталамусқа ішкі ортадан да көптеген ақпараттар келеді. Ішкі ағзалардың қызметіне гипоталамус вегетативтік жүйке жүйесі және эндокриндік бездер арқылы әсер етеді. Ол жүрек жүйесінің қызметін, зат алмасуын, ішкі сөлініс бездер қызметін, ас қорыту, бүйректер қызметін, несепті шығаруды реттейді. Мұнымен қатар ішкі орталық және дене қызу тұрақтылығын сақтайды. Гипоталамус қыртыс және қыртысасты құрылымдармен бірге организмнің сыртқы орта құбылыстарына бейімделуін және ұйқы мен сергектіктің кезектесуін реттеге де қатысады. Гипоталамуста көптеген мотивация (яғни мақсатты іс-әрекет-месел) тудыратын орталықтар бар. Мәселен, «тойыну» орталықтары бар. Бұл орталықты тітіркендірсе жануар алдындағы азыққа қарамай, алдына қойылған асты ішпей, жүдей бастайды. Осы орталықты алып тастаса, жануар тамақты қанша ішсе де тоймайтын болады. Сонымен қатар «аштық» орталығы орналасқан. Оны тітіркендірсе жануар алдындағы азықты қанша болсада жей береді (тоймайды). Ал бұл орталықты алып тастаса, аш болсада ол азыққа қарамайды (гипофагия), жүдейді. «Шөлдеу» орталығыда орналасқан. Осы орталықты тітіркендірсе адам (жануар) шөлдейді, қайта-қайта су іше береді (полидепсия) шөлі қанбайды. Гипоталамус гипофиз безімен тығыз байланыста, гормон шығаруын бірде күшейтіп, бірде азайтып организмнің функцияларын реттейді. Сөйтіп гипоталамус гипофизбен біріккен функциялы гипоталамустық-гипофиздік жүйе құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет